Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала тынысы / Алматыда аға буын өкілдеріне арналған тегін қызмет...

Алматыда аға буын өкілдеріне арналған тегін қызметтердің кең мүмкіндіктері ұсынылған

Қала тынысы Бүгін 11:43 31
Алматыда аға буын өкілдеріне арналған тегін қызметтердің кең мүмкіндіктері ұсынылған

Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында егде жастағы тұрғындарға арналған 71 түрлі қызмет көрсетіледі. Тегін ұсынылатын барлық бағдарлама азаматтардың денсаулығын нығайтуға, білімін арттыруға және белсенді демалысын ұйымдастыруға бағытталған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшіі.

Орталықтар сауықтыру, білім беру, психологиялық қолдау, бос уақытты мазмұнды өткізу және әлеуметтік белсенділікті арттыру сынды бірнеше негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді.

Сауықтыру бағыты аясында емдік дене шынықтыру, йога, тыныс алу жаттығулары және скандинавиялық серуен бойынша сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар, мамандардың кеңесі мен алдын алу бағдарламалары да қолжетімді.

Білім беру бағыты аясында компьютерлік сауаттылық курстары, смартфонды тиімді пайдалану дағдылары, шет тілдерін меңгеру, сондай-ақ қаладағы жоғары оқу орындары негізінде жұмыс істейтін «Күміс университеттерге» қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

Психологиялық қолдау мәселесіне ерекше мән беріліп, есте сақтау қабілетін дамытуға арналған тренингтер, күйзелісті төмендету және эмоционалдық әл-ауқатты арттыруға бағытталған сабақтар өткізіледі.

Бос уақыт пен шығармашылық бағытта вокал өнері, театр студиялары, арт-терапия, түрлі қызығушылық клубтары, сондай-ақ экскурсиялар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, орталықтар тұрғындарды еріктілік және қоғамдық бастамаларға тарта отырып, олардың әлеуметтік белсенділігі мен өзара қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етеді.

Орталықтардың басты мақсаты — азаматтардың белсенді өмір салтын ұзарту, әлеуметтік оқшаулануды азайту және белсенді ұзақ өмір сүру мәдениетін қалыптастыру.

Бағдарламаларға зейнет жасындағы Алматының барлық тұрғыны қатыса алады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр

Бүгін 12:18

Алматының Жетісу ауданы жарықтандыруды, балабақша мен кәріз жүйесін жаңартқалы отыр

Бүгін 12:02

Алматыдағы Жетісу ауданы 12 гектар жерді абаттандырады

Бүгін 11:59

Алматының Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылады

Бүгін 11:55

Алматыдағы Жетісу ауданында биыл 42 шақырым жол жөнделмекші

Бүгін 11:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика