AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналға...

Алматыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған қандай шаралар өтеді?

Барлығы 08.08.2025, 12:27 847 Сұлу
Алматыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған қандай шаралар өтеді?
Алматы әкімдігі

Алматыда қазақтың ұлы ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ауқымды бағдарлама басталды.

Тамыз бойы қалада 120-дан аса іс-шара жоспарланған. Олардың қатарында – театр қойылымдары, поэзия кештері, әдеби сағаттар, көрмелер, концерттер, жастармен кездесулер, сондай-ақ спорттық, қайырымдылық және ағартушылық акциялар бар.

Мерейтойдың басты салтанаты 10 тамызда – Абайдың туған күнінде өтеді.

Сағат 10:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Ал сағат 12:00-де дәл осы алаңда "Алаштың Абайы" атты музыкалық-драмалық концерт ұйымдастырылады. Концертке Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Саят Мерекеұлы, Роза Рымбаева, Айгүл Қосанова және өзге де танымал өнер иелері қатысады. Бағдарламада – Абай шығармаларынан шабыттанған театрландырылған көріністер, поэзия, вокалдық және аспаптық нөмірлер ұсынылады.

Іс-шаралар қаланың барлық сегіз ауданында өтеді.

Мәселен, 8 тамызда сағат 11:00-де №6 кітапханада "Өлмейтұғын артына сөз қалдырған" атты поэзия кеші өтеді. Жазушы Нұрдәулет Ақыш пен ақын-философ Мұратхан Шоқан Абайдың бүгінгі қоғамдағы рөлі жайлы ой бөліседі.
Сол күні Қазақстан жазушылары кітапханасында "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музейінде сағат 15:00-де "Жарқын жұлдыздар" еңбегі негізінде Абай шығармашылығына арналған материалдар ұсынылады.

9 тамызда сағат 15:00-де Дінмұхамед Қонаевтың мемориалдық музейінде "Ұлы Абай" атты дәріс өтеді. Онда ақын бейнесі тарихи және әдеби контексте сараланады.

10 тамызда 10:00-де Махатма Ганди атындағы саябақта №4 кітапхана-филиал "Жүрегімнің түбіне терең бойла" атты арт-композиция өткізеді. Бағдарламада – әдеби ойындар, өлең оқу, Абай әндерін орындау, сондай-ақ "Ғаламның жыр данасы – Ұлы Абай" атты көрме ұсынылады.

28 тамызда сағат 19:00-де Республика сарайында "Абайға тағзым" атты мерекелік концерт өтеді. Қойылым Абайдың рухани жолын музыка, театр және биді біріктіре отырып сахналайды.

Қыркүйекте Мемлекеттік қуыршақ театрында "Мен бір жұмбақ адаммын… Абай" спектаклінің премьерасы өтеді (жас шектеуі: 16+). Қойылым Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романы мен "Қара сөздері" негізінде сахналанып, ақынның ішкі жан дүниесін, парасаты мен рухани тереңдігін ашады.

Барлық іс-шара азаматтарды, әсіресе, жастарды ұлттық мәдениетке жақындатуға, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықты арттыруға және Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын терең ұғынуға бағытталған. Абай тұлғасы адамгершілік пен ағартушылықтың, жанды қазақ ойының символы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай құнанбайұлы #Алматы #шара #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Кеше 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);