AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Алматыда Абай күні мерекеленуде

Алматыда Абай күні мерекеленуде

Тұлға 10.08.2023, 07:32 1,119 Естай БОЖАН
Алматыда Абай күні мерекеленуде
Суреттерді түсірген - С.Құсайынов

Бүгін Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне 178 жыл толды. Алматыда ұлы тұлғаның атаулы күнін ресми атап өту Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды, деп хабарлайды almaty-aqshamy.kz.


Абай күніне арналған ресми іш-шаралардың бастауына бірқатар зиялы қауым өкілдері мен мәслихат депутаттары және қала тұрғындары жиналды. Олар Абай ескерткішінің алдына ұлы тұлғаның рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.



Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов бастап мерекелік құттықтау сөзін сөйледі. Қаламгерлер атынан сөз алған М.Құлкенов: «Мынау, ұлы тұлғаға арналған көркем туынды Абайдың 115 жылдығында қойылған еді. Осымен бірге Алматыға Абайдың рухы келіп қонды. Биыл бұған 63 жыл толған екен. Абай өзі Жидебайда тұғанымен әр қазақ өз жерінде, Маңғыстауда, Талдықорғанда, Көкшетауда «Абай біздің ақынымыз» деп мақтан тұтады. Туған күнін дүбірлетіп тойлайды. Ол өз заманында алғаш рет халықты толғандырған қоғамдық және саяси өмірдің проблемаларын қозғады. Қоғамның қайшылығымен бірге замандастарының берекесіздігін, отарлық саясаттың зиянын сынай отырып, халыққа іш тартты. Елін озық мәдениетке қарай жетеледі», – деді.



Абай күніне орай ресми іс-шаралардың жайын сұрағанымызда Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев былай деді: «Өздеріңіз білетіндей, айтулы мерекені Алматы жұртшылығы, жыл сайынғы дәстүріне сай, ескерткішке гүл шоғын қоюдан бастап жатыр. Оған зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, мәдениет және қоғам қайтарткерлері де қатысуда. Айта кетері, ескерткішке гүл шоғын қоюмен басталған мереке орталық қалалық кітапханадағы үлкен дөгелек үстелге, одан кейін «Алатау» дәстүрлі өнер театрындағы мерекелік концертке ұласады», – деді.



Сонымен бірге, Ғани Майлыбаев Абай шығармаларына, рухани мұраларына арналған концерттік шараның қала тұрғындары үшін тегін екенін де ескертті.


Қазақтың ұлы тұлғасы, ұлтымыздың адамзат рухани қазынасына қосқан үлесі саналатын Абай Құнанбаевтың туған күні 2020 жылы 5 тамызда ресми мерекелік күн ретінде бекітілген болатын. Содан бері бұл күн  республикамыздың жер-жерінде аталып өтілуде.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Абай #Тағзым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);