Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда «9 грамм» интеллектуалды поэтикалық драма...

Алматыда «9 грамм» интеллектуалды поэтикалық драмасының тұсаукесері өтті

Мәдениет 17.01.2023, 14:00 1,452
Алматыда «9 грамм» интеллектуалды поэтикалық драмасының тұсаукесері өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Қойылым авторы - ақын Бақыт Беделхан


Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделханның “9 грамм”  интеллектуалды поэтикалық драмасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Туындының режиссері Жұлдызбек Жұматай және дыбыспен көркемдеген сазгер Қанат Ибрагимов. Поэтикалық драманы  Қарасай ауданының “Қарасай жастары” театры сахналады.


“9 грамм” - оққа байланған Алаш арыстарының рухына арналған тың туынды көрермен көңілінен шықты. 



"Көркемдік шындық сахнада салтанат құрғанда ойландырмай, тоғандырмай қоймайды. Қазір елдің рухын көрсетіп, театрдың деңгейін көрсету үшін драматургиялық тіл керек. Ол қандай тіл? Ол Шекспирдің тілі – ақ өлең. Саханада қазақтың қасиетті қара өлеңі мен ақ өлең салтанат құруы керек. Сол кезде елдің назары ауады, көңілі бұрылады. Бұған дейін төрт ауданда қойылымды көрермен назарына ұсындық. Осындай дайындықтан өткен театр ұжымы алматылықтардың алдында өнер көрсетті", - деді қойылым авторы, ақын Бақыт Беделхан.



Премьерада Қазақстанның Еңбек ері, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, кино және театр актері, профессор  Асанәлі Әшімов “Қарасай жастары” театрына сәттілік тілеп, ақ батасын берді. 


Ал аудандық халық театрына қолдау көрсетіп жүрген ақын Бақыт Беделхан Алматы қаласы әкімдігіне алғысын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#9 грамм #драма #театр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүргізушілерге жасырын патруль арқылы айыппұл салынуы мүмкін

Бүгін 14:34

Ұлттық ұланда «BOOKGUARD» әдебичелленджі басталды

Бүгін 13:30

Қазақстандық ағайынды Кенжеғұловтар Аустрия Кубогында топ жарды

Бүгін 12:29

Тәртіп пен тәрбие басты назарда: Қорғаныс министрінің орынбасары Гвардейск гарнизонында тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындады

Бүгін 12:22

Алматыда заң жағынан тегін көмек ұсынатын жоба іске қосылады

Бүгін 12:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика