AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 885 отбасы жаңа пәтердің кілтін алады

Алматыда 885 отбасы жаңа пәтердің кілтін алады

Алматы 11.07.2026, 13:19 434
Алматыда 885 отбасы жаңа пәтердің кілтін алады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж отбасыларға жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Бағдарламаның алғашқы кезеңі аясында коммуналдық тұрғын үй қорынан 885 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа қоныс иелерін құттықтаған Дархан Сатыбалды азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе, мемлекеттің қолдауына шын мәнінде мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл Алматыда тұрғын үйге мұқтаж 11 мыңнан астам азаматтың баспана жағдайын жақсарту жоспарланып отыр», – деді шаһар басшысы.

Оның айтуынша, бүгінгі кезең алматылықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды жұмыстың бастамасы болды. Алғашқы кезеңде 885 пәтер берілсе, екінші кезеңде – 1832, үшінші кезеңде – 670, ал төртінші кезеңде 6161 пәтерді табыстау жоспарланған. Осылайша, жыл соңына дейін мыңдаған алматылық отбасы баспана мәселесін шешуге мүмкіндік алады.

Жалпы, 2026 жылы 8250 азамат жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 1298 адам жеңілдетілген несие бағдарламалары арқылы баспана сатып алса, кемінде 1650 жас маман «Алматы жастары» бағдарламасы аясында жеке баспанасының иесі атанады.

Бұдан бөлек, қалада мемлекеттік қолдаудың қосымша тетіктері де жалғасады. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға ипотекалық несие рәсімдеу кезінде бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеуге арналған тұрғын үй сертификаттары беріледі. Биыл осындай 200 сертификат табыстау жоспарланған.

Сондай-ақ, жалдамалы тұрғын үйде тұратын азаматтарға жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тетігі де сақталады. Бұл шара тұрғын үйге мұқтаж отбасылардың қаржылық жүктемесін азайтып, баспананың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #пәтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Бүгін 18:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Бүгін 18:12

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Бүгін 18:03

Алматы қаласында Белсенді ұзақ өмір орталықтары арасында қалалық үстел теннисі турнирі өтті

Бүгін 17:58

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);