Алматыдағы №459 сайлау учаскесінде ерекше жағдай тіркелді. 80 жастағы Рахымжан Аюпов мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін учаскеге велосипедпен келді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Салауатты өмір салтын ұстанатын зейнеткер жасы ұлғайғанына қарамастан, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқаннан шет қалмай, таңдау жасады.
Рахымжан Аюповтың сайлау учаскесіне велосипедпен келуі айналасындағылардың назарын аударды. Қарияның белсенділігі мен азаматтық ұстанымы аға буын өкілдерінің қоғамдық өмірге бей-жай қарамайтынын көрсетті.
Оның бұл әрекеті салауатты өмір салтын ұстанудың және азаматтық жауапкершіліктің жасқа қарамайтынын аңғартты.