AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда 80-нен астам тіркелмеген қару анықталды

Алматыда 80-нен астам тіркелмеген қару анықталды

Заң мен тəртіп 14.03.2023, 10:41 1,116
Алматыда 80-нен астам тіркелмеген қару анықталды
Cурет: Polisia.kz

Бұл – «Қару» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесі.


Оның мақсаты  - тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолданумен жасалған қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Тексерумен барлығы 35118 жеке азаматтық қару иелері мен 295 заңды тұлға, оның ішінде 16 арнайы дүкен қамтылды. Нәтижесінде азаматтық және қызметтік қаруды сақтау, есепке алу және қайта тіркеу шарттарын бұзудың 976 дерегі анықталып, нәтижесінде 971 жеке меншік иесі және 5 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Анықталған заң бұзушылықтар жойылғанша олардан 605 бірлік тіркелген қару тәркіленді», – деді Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.



Сонымен қатар Асхат Құлбаевтың айтуынша, іс-шара барысында заңсыз айналымнан 81 бірлік тіркелмеген қару, екі бірлік жарылғыш құрылғы, бір мыңнан астам оқ-дәрі, алты бірлік салқын қару, 11 граната және 276 электрошокер тәркіленді.



«ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша тіркелмеген винтовкалық, тегіс ұңғылы, газ-травматикалық, газды, пневматикалық және электрлік қаруды заңсыз сақтағаны үшін барлығы 45 қылмыстық іс және ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша алты әкімшілік іс қозғалды», – деді Құлбаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#қару #тіркелмеген #іс-шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Брайль қарпіндегі кітап пен аудиокітап шығару технологиялары таныстырылды

Бүгін 16:32

Алматы әкімі Әуезов ауданын жұмыс сапарымен аралап, тұрғындармен кездесті

Бүгін 16:21

«MasterSkills – 2026» нан пісіру өнері мен педагогтердің кәсіби шеберлігі

Бүгін 16:19

Алматыда ақын Кеңшілік Мырзабековті еске алу кеші өтті

Бүгін 15:34

Ұлттық құндылықтар – адами капиталды дамытудың негізі

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);