конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда №8 қалалық аурухана жаңғыртылады

Алматыда №8 қалалық аурухана жаңғыртылады

Әлеумет 10.04.2025, 10:47 840 Bakyt
Алматыда №8 қалалық аурухана жаңғыртылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде ауданның қолжетімді әрі сапалы медицинаны дамыту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Былтыр қазан айында Нұршашқан шағын ауданында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған жаңа отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылды. Ол бір ауысымда 100 адамды қабылдауға арналған, бүгінде оның қызметін 12 мыңнан астам адам пайдаланды.

«2025 жылдың тамыз айында Айбасов көшесінде бір ауысымда 200 адамды қабылдайтын тағы бір отбасылық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталады», — деді қала басшысы.

Жедел жәрдем күту уақытын қысқарту мақсатында Намаган көшесінде 10 бригадаға арналған №13 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы ашылды.

Сонымен қатар, келесі айда №20 қалалық емхананың ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Биыл Намаган көшесінде бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын жаңа емхана, Әлмерек және РВ-90 шағын аудандарында әрқайсысы бір ауысымда 200 қабылдауға арналған екі отбасылық дәрігерлік амбулаторияның құрылысына қатысты жобалардың мемлекеттік сараптамасы аяқталмақ. Сондай-ақ, №8 қалалық клиникалық аурухананы реконструкциялау және қосымша құрылыс жобасы қарастырылуда. Қазіргі уақытта аурухана 1961 және 1972 жылдары салынған ғимараттарды пайдаланып отыр.

№8 қалалық аурухананы қайта жаңарту аясында ересектер мен балаларға арналған көпбейінді стационарлар мен поликлиниканы біріктіретін бірыңғай медициналық кластер құру жоспарланған. Мұнда тұрғындарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #денсаулық #Жедел жәрдем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

Кеше 17:38

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Кеше 15:12

Маңғыстау облысында Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам жоғалып кеткен

Кеше 14:13

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Кеше 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

04.07.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);