Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 8 наурыз мерекесіне орай концерт өтті

Алматыда 8 наурыз мерекесіне орай концерт өтті

Әлеумет 07.03.2025, 16:54 864
Алматыда 8 наурыз мерекесіне орай концерт өтті
Алматы қаласы әкімдігі

Халықаралық әйелдер күніне орай Алматыда ауқымды концерт өтті. Бір сахнада аты аңызға айналған және қазіргі заманғы орындаушылар, сондай-ақ шетелдік жұлдыздар өнер көрсетті. Мерекелік бағдарлама аясында танымал әндер, классикалық шығармалар және ерекше музыкалық коллаборациялар орындалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Концертке Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында көпбалалы аналар, еңбек ардагерлері, ғалымдар, ұстаздар, мәдениет, медицина, спорт және басқа да салада еңбегі сіңген және қызмет ететін әйел азаматшалар болды.

Концерт әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблі мен «ALPHA» тобының  жаңаша орындауындағы 
«16 қыз» әнімен басталды. Бұл қойылым музыкадағы ұрпақтар сабақтастығының символына айналды.

Романтикалық көңіл-күйді Арай мен Рүстем Нұржігіт жалғастырып, «Гавань моей любви» атты лирикалық композицияны орындады. Одан кейін сахнаға Қазақстанның халық артисі, белгілі пианист Жәния Әубәкірова шығып, Фредерик Шопеннің «Вальс №7» шығармасын ұсынды. Кейін ол Ерлан Көкеевпен бірге «Танец под дождем» композициясын орындады. Классикалық әуен мен әсерлі вокал әдемі үйлесім тауып, көрермендерге ерекше атмосфера сыйлады.

Кейін сахнада Мақпал Исабекова «Аяла мені» әнін, Kyle Ruh нәзіктік пен символизмге толы «Ақ Құсым» композициясын орындады.Ал  Толқын Забирова, 2RAR, сондай-ақ «Арнау» тобының бұрынғы солистері Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаева «Егіз лебіз» әнін орындап, көрермендерді әуезділігімен және эмоциялық тереңдігімен баурап алды.

Кештің әсерлі сәттерінің бірі – Dinaya-ның «Мама» әнін орындауы болды. Бұл уақытта экранда аналар мен балалардың бейнекадрлары көрсетіліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Mona Songz «Сен» әнінің жаңа нұсқасын ұсынып, оны өзгеше әуен мен эмоцияларға байытты. Одан кейін Нұрғалым Аманбай «Сүйем мен» композициясымен залды мейірім мен жылулыққа бөледі.

Көпшіліктің сүйікті тобы JCS «Мой дом» және «Я люблю тебя» әндерін орындап, философиялық мәні бар терең сезімдерді жеткізді. Ал RaiM екі ән ұсынды: жүректі елжіреткен «Жаным-ау, сен» және көңілді «Дискотека из 90-х».

Концерттің финалдық аккорды – Made in KZ тобының орындауындағы «Ана туралы жыр» композициясы болды. Бұл ән кештің жарқын қорытындысына айналып, аналарға деген алғыс пен махаббатты білдірді.

Концертке ерекше атмосфера сыйлаған тағы бір элемент – түрлі кәсіп өкілдерінің бейнеқұттықтаулары. Полицейлер, әскери қызметкерлер, өрт сөндірушілер, құрылысшылар мен спортшылар әйелдерге деген алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Бұл іс-шара музыкалық кеш ғана емес, сонымен қатар Алматының дамуына еңбегі сіңген әйелдерге деген құрмет белгісі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әйелдер күні #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика