AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 7,5 мыңнан астам бала инклюзив біліммен қ...

Алматыда 7,5 мыңнан астам бала инклюзив біліммен қамтылған

Алматы 06.04.2026, 11:56 180 Сұлу
Алматыда 7,5 мыңнан астам бала инклюзив біліммен қамтылған
Алматы әкімдігі

Алматыда 7,5 мыңнан астам бала инклюзив білім беру аясында білім алып жатыр. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жағдай жасалған білім беру ұйымдарының үлесі 87 пайызға жетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл мәліметтер қаланың орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу барысын бағалайтын және алдағы жұмыс бағыттарын айқындайтын екінші Ерікті жергілікті шолу (ЕЖШ) есебінде жарияланды.

Құжат БҰҰ әдіснамасына сәйкес, қала әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласын дамыту орталығы әзірленген. Есеп қалалық бастамалардың тиімділігін саралауға, негізгі шектеулерді анықтауға және басқарушылық шешімдерді негіздеуге арналған.

Шолудың негізгі бағыты – инклюзия, яғни қала ортасының, қызметтердің және инфрақұрылымның халықтың барлық санаты үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету.

Есепте білім беру, денсаулық сақтау, көлік, әлеуметтік қолдау және цифрлық сервистер секілді қалалық өмірдің маңызды салалары қамтылған.

Құжатты әзірлеуге мемлекеттік органдар, сарапшылар, ғылыми орта өкілдері және азаматтық қоғам институттары қатысқан. Атап айтқанда, бұл жұмысқа Алматы Азаматтық альянсы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран» университеті, сондай-ақ қала әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Қасиет Омарова тартылған.

Ерікті жергілікті шолу жүйелі талдау құралы ретінде қалада іске асырылып жатқан шаралардың нақты нәтижесін бағалауға, даму басымдықтарын белгілеуге және қалалық саясаттың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Есептің толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Инклюзивті білім беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);