конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 700-ден астам мас жүргізуші ұсталды: онда...

Алматыда 700-ден астам мас жүргізуші ұсталды: ондаған қайғылы жағдайдың алдын алынды

Алматы 08.04.2026, 10:47 270 Дина
Алматыда 700-ден астам мас жүргізуші ұсталды: ондаған қайғылы жағдайдың алдын алынды
Алматы қаласы ПД

Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс күшейтілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы қала тұрғындарымен есептік кездесу барысында Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов мәлімдеді.

Оның айтуынша, мегаполистегі көлік ағынының жоғары болуына байланысты жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің негізгі факторларының бірі болып қала береді.

«Жолдағы әрбір құқық бұзушылық – адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген әлеуетті қауіп. Біздің міндет – мұндай фактілерді анықтау ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың барлығында жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру», – деп атап өтті Айдын Кабдулдинов.

Жыл басынан бері қалада жол қозғалысы ережелерін бұзудың шамамен 850 мың дерегі анықталып, жолы кесілді. Оның ішінде 700-ден астам көлік құралын мас күйде басқару фактісі, 724 – көлік жүргізу құқығынсыз басқару дерегі, сондай-ақ 960 – бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғалардың рөлге қайта отырған жағдайлары тіркелді.

Сонымен қатар, адам өміріне тікелей қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтар да тоқтатылды. Атап айтқанда, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану және қарсы бағытқа шығу фактілері анықталып, жолы кесілді.

Бұдан бөлек, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері көше-жол желісіне 670 тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде 600-ден астам ұйғарым енгізілді. Жолдардың жай-күйіне жауапты 42 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Жол қауіпсіздігі – тек бақылау емес, бұл – ортақ жауапкершілік. Заң талаптарын сақтау және өзара құрмет арқылы ғана біз адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтай аламыз», – деп қорытындылады Айдын Кабдулдинов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Бүгін 18:53

Алматыда ECO CLUB MEDEU жастар экологиялық қауымдастығының тұсаукесері өтіп, бизнес өкілдері қалдықтарды қайта өңдеуге белсенді қатысуға шақырылды

Бүгін 18:50

Алматыда «Жастар қатысатын бюджет» жобасы іске қосылады: үздік бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Бүгін 18:34

Алматы Еуропа аудиториясына Viajar журналында таныстырылды

Бүгін 18:31

Алматыда ашық аспан астындағы йога мен стретчинг: қалалық тегін жоба жалғасуда

Бүгін 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);