Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 7 жастан 16 жасқа дейінгі ерекше қажеттіл...

Алматыда 7 жастан 16 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар қандай жәрдемақы алатыны  түсіндірілді

Әлеумет 24.11.2021, 07:00 1,341
Алматыда 7 жастан 16 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар қандай жәрдемақы алатыны  түсіндірілді
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мүгедек балаларға арналған жәрдемақыны арттыру туралы айтты деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы 24 қазанда күшіне енді.



- Енді заңнама мемлекет көрсететін әлеуметтік көмекті, оның ішінде баланың денсаулық жағдайына, тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесіне және организм функцияларының бұзылуына байланысты мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшерін саралауды көздейді. Сонымен қатар, 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға мүгедектік топтары комиссияның сырттай шешімі негізінде, яғни автоматтандырылған режимде орнатылатын болады, - деді Мұрат Мұратбеков.



Егер бұрын мүгедектікті топтар бойынша бөлу тек 16-18 жас аралығындағы балалар арасында болса, түзетулерден кейін 7-16 жас аралығындағы балалар арасында мүгедектік топтары пайда болды. Жаңа шара осы балалар дертінің  ауырлығына байланысты жәрдемақы мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді:


- бірінші топтағы мүгедек бала тиісінше 1,92 ТКД және 1,49 АЕК алатын болады;
- екінші топтағы мүгедек бала – тиісінше 1,59 ТКД және 1,49 АЕК;
- үшінші топтағы мүгедек бала-тиісінше 1,4 ТКД және 0,96 АЕК.



Мүгедек балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін ұлғайтылды. Қазіргі уақытта Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің деректері бойынша Алматыда 7 жастан 16 жасқа дейінгі 4 460 мүгедек бала тұрады, оның ішінде біріншісіне 848 бала, екіншісіне 1 327 бала және үшінші топқа 2 285 бала жатады.



Мүгедектік топтарды медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері бір рет автоматтандырылған режимде белгілейтіні өте маңызды. Бұл МӘС-та бар деректер негізінде сырттай шығарылған сараптамалық қорытынды болады. Енді балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне мүгедектік тобын анықтау үшін мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балалар #көмек #жәрдемақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2026 жылғы ақпанда жылдық инфляция 11,7%-ға жетті

Кеше 22:01

Президент Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты кешке арнайы құттықтау хат жолдады

Кеше 21:53

Астанада «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

Кеше 19:12

Денсаулық үшін күнделікті қанша су ішу қажет?

Кеше 18:03

Қазақстандағы Алғыс айту күніне ұқсас әлемдегі мерекелер

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі