AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 61 жылдық тарихы бар №98 мектепке жаңа ғи...

Алматыда 61 жылдық тарихы бар №98 мектепке жаңа ғимарат салынады

Барлығы 23.04.2025, 14:13 914 dulatbekova
Алматыда 61 жылдық тарихы бар №98 мектепке жаңа ғимарат салынады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Медеу ауданында №98 мектептің бұрыннан келе жатқан мәселесі шешімін табуда - 1964 жылы салынған ғимарат бүгінде техникалық талаптарға сәйкес келмейді, оны ауыстыру қажет. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.

Жобалық қуаты 640 орын болса да, бүгінде мектепте 1190 оқушы білім алып жатыр. Шамадан тыс жүктеме оқушылар мен мұғалімдерге қолайсыздық туғызып, білім беру сапасына кері әсер етуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мектеп бір қабатты дәліздер арқылы жалғасқан үш екі қабатты павильоннан тұрады. Ондаған жыл бойы пайдалану барысында инженерлік желілер ескіріп, қазіргі талаптарға сай спорт залы жоқ, тамақтану мен мұғалімдердің толыққанды жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасалмаған.

Жүктемені уақытша азайту мақсатында 2025 жылдың қаңтар айында мектепке сол мекенжайда орналасқан бұрынғы музыка мектебінің ғимараты берілді. Қазір бұл ғимаратта бастауыш сынып оқушылары оқып жатыр – ол 300 орынға арналған. Дегенмен, бұл мәселені толық шеше алмайды, өйткені ауданда жаңа оқушылар легі әлі де артып отыр.

Мәселенің шешімі 1500 орындық жаңа мектеп ғимаратының салынуы болмақ. Қазірдің өзінде Тәтібеков, Полетаев және Бейімбетов көшелеріндегі жер телімдерін мемлекеттік қажетке алу туралы қаулы қабылданды. Жаңа ғимарат қазіргі қауіпсіздік және жайлылық талаптарына толықтай сай болады. 

Бұған дейін тұрғындар ұсынған тағы бір балама – Текемет көшесіндегі бұрынғы балабақша ғимаратын сатып алу нұсқасы да қаралған. Алайда ол нысан зиратқа жақын санитарлық-қорғау аймағында орналасқан, кіреберіс жолдары тар, ал тығыз құрылыс салдарынан көлік қолжетімділігі мен қауіпсіз жаяу жол жасау мүмкін болмаған.

Қаланың білім басқармасының мәліметінше, құрылысқа дайындық жұмыстары басталып кеткен. Жаңа оқу ғимараты тек оқушы санының арту мәселесін шешіп қана қоймай, оқушылар мен мұғалімдер үшін заманауи әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #№98 мектеп #жаңа ғимарат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);