AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 600-ден астам көпбалалы әйел бизнес ашу ү...

Алматыда 600-ден астам көпбалалы әйел бизнес ашу үшін оқудан өтті

Алматы Бүгін 17:09 16 yakiya
Алматыда 600-ден астам көпбалалы әйел бизнес ашу үшін оқудан өтті
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда 600-ден астам көпбалалы әйел бизнес ашу үшін оқудан өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік гранттар, оқыту бағдарламасы мен жеңілдетілген қолдау шаралары Алматы әйелдеріне кәсіп ашып, әлеуметтік жобаларды дамытуға мүмкіндік беріп жатыр. Әйелдерді қолдауға бағытталған қолданыстағы шаралар туралы Алматы қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Сәуле Бекетаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баяндады.

Спикердің айтуынша, ең сұранысқа ие бағыттың бірі — әйелдерге кәсіпкерліктің бастапқы дағдычын меңгеріп, жеке ісін бастауға көмектесетін «Бастау Бизнес» бағдарламасы.

Аталған бағдарлама аясында 647 көпбалалы әйел оқудан өтіп, 281 адам бизнесін бастау үшін мемлекеттік грантқа ие болған.

«Әйелдердің көбі қазір шағын жобадан бастап, кейін тұрақты бизнес құрып, жұмыс орнын ашып, жаңа деңгейге көтеріліп жатыр», — деді Сәуле Бекетаева.

Спикер көпбалалы аналарға, әлеуметтік осал санаттағы әйелдер мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Алматыда сондай-ақ грантпен қаржыландыру, жеңілдетілген несие беру бағдарламалары мен ғимаратты жеңілдікпен ұсыну тетігі жұмыс істейді.

Сәуле Бекетаеваның айтуынша, бүгінде Алматы әйелдері қызмет көрсету, білім беру, өндіріс, онлайн-сауда мен әлеуметтік бағыттағы жобалар саласында белсенді түрде бизнес дамытып келеді.

«Грант беру ғана емес, кәсіпкерлерді алғашқы кезеңде сүйемелдеу де маңызды. Көп әйел өз ісін алғаш бастағанда жүрексініп, білімі мен тәжірибесінің аздығынан жапа шегіп жатады. Сондықтан консультациялық және білім беру қолдауы негізгі бағыттың бірі болып қала береді», — деді спикер.

Сонымен қатар Алматыда жергілікті өндіріс пен отбасылық бизнесті қолдау бағдарламалары жұмыс істеп жатыр. Сарапшылардың пікірінше, 2026 жылы әлеуметтік кәсіпкерлік, цифрлық сервистер, креативті индустриялар мен жеке брендті дамыту болашағы бар бағыттың қатарында болмақ.

Спикердің айтуынша, Алматыда әйелдердің экономикалық мүмкіндігін кеңейту жұмысы жалғаса береді, олдау шаралары мен білім беру бастамасының саны да алдағы уақытта арта түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бизнес #Бизнес Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мешіттерінде Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін 17:32

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлердің 74%-ы әйелдер

Бүгін 17:08

Алматы саябақтарында жазғы буккроссинг алаңдары ашылады

Бүгін 17:06

Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларға келуші саны 70%-ға артты

Бүгін 16:31

Алматыда Ж. Үшкемпіров көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 16:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);