AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 60-тан астам киножоба мемлекеттен қаржыла...

Алматыда 60-тан астам киножоба мемлекеттен қаржыландырылады

Әлеумет 27.07.2022, 06:01 1,791
Алматыда 60-тан астам киножоба мемлекеттен қаржыландырылады
Сурет: Almaty-akshamy

Биыл мемлекеттік қаржыландыру сомасы 5,6 млрд теңгеден асатыны белгілі болды.


Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстанның киноиндустриясына арналған брифинг өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ өкілдерінің айтуынша, отандық фильмдерді жас режиссерлер жиі түсіреді. 


Спикерлер атап өткендей, биыл Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өткізген байқау қорытындысы бойынша, 62 киножоба қаржыландырылады. 2019 жылы 17 киножоба, ал 2020 жылы 39 фильм қаржыландырылған болатын. 


Биыл елімізде бір мезгілде 18 толық метражды, 19 деректі, 17 қысқа метражды және 8 анимациялық фильмнен тұратын түрлі жанрдағы 60-тан астам киножоба түсірілмек, бұл - бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. 


Қазақстанның Халық әртісі, "ҰКҚМО" КЕАҚ жанындағы сараптама кеңесінің төрағасы Досхан Жолжақсынов журналистер алдында сөз сөйлеп, конкурс өткізу кезінде көп нәрсе өзгергенін хабарлады. 



"Сараптамалық кеңес 80%-ға жаңартылды және ұсынылған жобалар әлдеқайда қызықтырақ әрі сапалы болмақ.  Бұрын қыруар қаржы жұмсалған үлкен, монументалды жобалар азайтылды. Биыл жастар тарапынан көптеген жобалар ұсынылып отыр", - деді Досхан Жолжақсынов. 



Сарапшының айтуынша, олар шығармашылық жолын енді бастаған кинемотографистердің өміріне жолдама болатын бюджеттік жобаларға басымдық беруге тырысып отыр. Халық әртісі қазақстандық киноның сапасы туралы сөз қозғады, жас көрерменге аса қажет отандық анимацияның жай-күйі жайлы да айта кетті. Алдыңғы екі байқауда 5 анимациялық жоба қолдау тапса, биыл 8 жоба жарық көрмек. 


Досхан Жолжақсынов байқаудың ашық әрі әділ өтіп жатқанын, жобаны қорғау  процесі онлайн трансляцияланатынын атап өтті. Кез келген байқауда жеңіске жететіндермен қатар жеңілетіндер де болады, сондықтан барық жоба бірдей мақұлданбайды. Биылғы жылы киножобаларды қорғауға 208 өтінім қабылданды, оның 122-сі - толықметражды фильм, 86-сы - қысқаметражды фильмдер. Конкурстық өтінімдер арасында әлеуметтік маңызы бар көркем фильмдер, деректі және дебюттік фильмдер көп. 


Брифинг барысында мемлекеттік қолдауға ие болған жас киногерлер қатары жыл санап артып келе жатқаны белгілі болды. Осы жазда киноға баға беретін қазылар алқасына ондаған дебютердің жұмысы ұсынылды. 


Биыл мемлекеттік қаржыландыру сомасы 5,6 млрд теңгеден асатыны белгілі болды. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар фильмдерге (оның ішінде анимациялық) 4,95 млрд теңге қарастырылған. 500 млн-ге жуығы "дебют" санаты бойынша өтетін фильмдерге, тағы 129,5 млн теңге кең аудиторияға арналған фильмдерге, 25 млн теңге бірлесіп шығарылған фильмдерге жұмсалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Кино #бақау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);