«Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялады. Байқау аясында Әуезов, Жетісу және Медеу аудандарындағы 6 мектеп пен мамандандырылған лицей-гимназияға директор қабылданады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қандай ұйымдарға басшы қажет?
-
№122 жалпы білім беретін мектеп (Әуезов ауданы, 3 ықшам ауданы, 52 үй) – негізгі және жалпы орта білім беру, 1999 жылдан бері жұмыс істейді.
-
№126 мамандандырылған лицей (Әуезов ауданы, Ақсай-4, 66 үй) – негізгі және жалпы орта білім беру, 1999 жылдан бері жұмыс істейді.
-
№66 жалпы білім беретін мектеп (Жетісу ауданы, Казакова көш., 6 үй) – негізгі және жалпы орта білім беру, 1999 жылдан бері жұмыс істейді.
-
№112 жалпы білім беретін мектеп (Жетісу ауданы, Ратушного көш., 131 үй) – негізгі және жалпы орта білім беру, 1996 жылдан бері жұмыс істейді.
-
Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия (Медеу ауданы, Уалиханов көш., 79 үй) – негізгі және жалпы орта білім беру, 1999 жылдан бері жұмыс істейді.
-
№77 жалпы білім беретін мектеп (Медеу ауданы, Жуков көш., 140 үй) – негізгі және жалпы орта білім беру, 1999 жылдан бері жұмыс істейді.
Еңбекақы мөлшері
Лауазымдық жалақы жұмыс өтіліне қарай 202 807 теңгеден 245 988 теңгеге дейін.
Үміткерге қойылатын негізгі талаптар
Конкурсқа қатысушыда:
-
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжат;
-
педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз;
-
басшы орынбасары немесе орта білім беру ұйымы басшысы лауазымында кемінде 2 жыл тәжірибе;
немесе тиісті біліктілік санаттарының бірі (педагог–сарапшы/зерттеуші/шебер, не басшының орынбасарының санаттары, не басшы-ұйымдастырушы/менеджер/көшбасшы санаттары) болуы қажет.
Мамандандырылған ұйым басшылары үшін (лицей/гимназия): қосымша түрде олимпиада, конкурс, спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындау тәжірибесі бар ұйымдарда басшылық/орынбасарлық қызмет өтілі көрсетілген.
Құжаттар тізімі (қысқаша)
Конкурсқа қатысу үшін мыналар тапсырылады:
- өтініш (нысан бойынша);
- жеке куәлік (көшірме/цифрлық құжат);
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ + фото;
- диплом көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
- 075/у нысанындағы денсаулық анықтамасы;
- психикалық мінез-құлық бұзылыстары бойынша динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
- наркологиялық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
- сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
- ҚАЗТЕСТ / QAZAQ RESMI TEST сертификаты (В1 деңгейінен төмен емес);
- түйіндеме;
- біліктілік санатын беру/растау туралы куәлік.
Қажет болған жағдайда кандидат кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми-зерттеу, марапаттары, жеке педагогикалық тәжірибесі мен тиімділік көрсеткіштері туралы материалдарды қосымша ұсына алады.
Конкурс қашан және қайда өтеді?
-
Өткізу орны: «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4.
-
Өтінім қабылдау мерзімі: хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы») және edualmaty.kz сайтында жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде.
Құжат тапсыру мекенжайы
Қажетті құжаттар: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 (Алматы қаласы Білім басқармасы) мекенжайына тапсырылады.
Электронды пошта: service.ok.2@mail.ru