AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда 6 көлікке ұрлыққа түскен адамдар ұсталды

Алматыда 6 көлікке ұрлыққа түскен адамдар ұсталды

Оқиға 08.09.2022, 14:27 1,243 Almaty-akshamy
Алматыда 6 көлікке ұрлыққа түскен адамдар ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Жеңіл ақшаны жақсы көретіндер күндізгі уақытта жүрген


Алматы Полиция департаменті қаладағы 6 көлікті тонаған адамды ұстағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Жедел түрде анықталғандай, олар аз уақыттың ішінде алматылықтардың көліктерінен алты рет ұрлық жасаған. 



«47 жастағы қаскөйлердің алты ұрлығының үшеуі қаланың Алатау ауданында орналасқан базарлардың бірінің автотұрағында жасалған.  Бір оқиғада күдіктілер Toyota Camry автокөлігін қолда бар құралдармен ашып, сол жерден 1 миллион 200 мың теңге, ноутбук пен көлік иесінің ұялы телефонын ұрлап кеткен. Күдіктілер Наурызбай ауданындағы жеке секторда тағы екі ұрлық жасаған. Жеңіл ақшаны жақсы көретіндер күндізгі уақытта жүрген. Өтіп бара жатқан адамдардың назарын аудармауға тырысқан. Дегенмен, кейбір қылмыстық эпизодтар назардан тыс қалмады: олар бейнебақылау жүйесіне түсіп қалған», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов. 



Спикердің айтуынша, ұрылар Криминалдық полиция басқармасы мен Наурызбай аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген арнайы іс-шарасы кезінде ұсталған. 



«Күдіктілердің бірі – тәжірибелі ұры. Соңғы рет ол аса ірі көлемдегі ұрлық және қару ұрлығы үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Қылмыстың тағы бір сыбайласы – Өзбекстанның тумасы, ол да бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Екі айыпталушы да қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр», – деді Аханов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#тонау #көлік #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);