AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 58 шақырым арық желісі салынды

Алматыда 58 шақырым арық желісі салынды

Әлеумет 27.11.2024, 10:30 848 Bakyt
Алматыда 58 шақырым арық желісі салынды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда су басудың алдын алуға және қаладағы су бұруды жақсартуға бағытталған арық желісін ауқымды жаңғырту жалғасуда. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында жүргізілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 

Ағымдағы жылы әкім Ерболат Досаевтың бастамасымен қаланың әртүрлі учаскелерінде жұмыстар аяқталды: Алматының шығыс бөлігінде 15 көшеде 7,4 км арық желісі қайта жаңартылды, орталық бөлігінде 67 көшеде ұзындығы 30,1 км арықтар мен нөсер кәрізі жаңартылды, батыс бөлігінде (Алатау, Наурызбай және Әуезов аудандарында) 20,5 км арықтар салынды. Шаралар гидрологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған, әсіресе су басу қаупі жоғары аймақтарда.

 

Қала тұрғындары жасалған  жұмыстар үшін алғыс білдіруде.

 

«Полежаев көшесіндегі су басу мәселесі ақыры шешілгеніне өте қуаныштымыз. Бұрын қатты жаңбырда су тротуар деңгейіне көтеріліп, аулаларымызды су басып,  үлкен қолайсыздықтар тудыратын. Бірақ жұмысты аяқтағаннан кейін жолға су жиналмайды және біз де жаңбырлы ауа-райында да алаңсыз жүре аламыз. Осы маңызды іске қатысқандардың барлығына рақмет!»,- дейді аудан тұрғыны Галина.

 «Мақатаев пен Жұмалиев көшелерінің қиылысын су басу барлық жергілікті тұрғындар үшін нағыз бас ауруы болды. Қатты жаңбырда су жолдарды басып қана қоймай, үйлердің жертөлелеріне дейін кіріп, күрделі мәселелер туғызатын. Қазір бұл жағдайдың өзгергеніне өте қуаныштымын-жасалған жұмыстардан кейін су жиналмайды. Енді біз жаңбыр жауып, бәрін қайтадан су басып кетеді деп қорықпай, көшеде емін-еркін жүре аламыз», - дейді көше тұрғыны Жұмалиева Ерлан.

 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қыс мезгілі қарсаңында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында көше-жол желісін, қоғамдық орындарды, өзен арналарын, көше урналарын және арық желісін ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Арық #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);