AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 51 әйел менторлық бағдарламаның іріктеуін...

Алматыда 51 әйел менторлық бағдарламаның іріктеуінен өтті

Әлеумет 01.06.2023, 09:42 1,130
Алматыда 51 әйел менторлық бағдарламаның іріктеуінен өтті
Сурет: Aлматы ҰҚП

Оқыту екі тілде өтеді.


Үміткерлерде жұмыс істеп тұрған бизнестің болуы шарт, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында менторлық сүйемелдеуге іріктеу 22 және 25 мамырда өтті.


Ментордың оқу курсына қатысам дейтіндер көп болды. Оқу курсына 51 қыз-келіншек өтті.


Еске сала кетсек, бұл қызмет "Мен кәсіпкер" жобасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының бағыты бойынша көрсетіледі.



"Менторлық бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетті. Өткен жылғы 25 ментор бүгін де өз бизнестерін табысты жүргізіп жатыр. Тәлімгерлікпен кәсіп бастау, бизнесті тиімді жүргізу өте ыңғайлы. Әр қатысушыға менторлық сүйемелдеу осы жылдың соңына дейін көрсетіледі. Биыл қатысушылардың саны екі есе көп, олар екі топқа бөлінеді", – деді Алматы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ақеркін Ералиева.



Бағдарлама тәлімгерлері "Кемел ұстаз" оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Нұрсұлу Оразбаева және ҚБТУ университетінің сеньор-лекторы, "Nativa Language Solution" оқу орталығының директоры Алуа Нұрбаева болып белгіленді.


Тәлімгерлер бизнес басшыларының біліктілігіне бағалау жүргізеді, сондай-ақ біліктілік пен дағдыларды одан әрі арттыру бойынша ұсыныстар мен жұмыс жоспарын әзірлейді.



"Жобаның мақсаты – кәсіпкер әйелдерді бизнес жүргізу дағдыларына үйрету, масштабтау және дамыту, кәсіпкер әйелдерді бағдарлама шеңберінде бизнес жүргізуге сүйемелдеу, оқыту және тәлімгерлік. Бұл қызметтердің барлығы өтеусіз негізде көрсетіледі", – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кәсіпкер #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

9 мамырға байланысты ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді

Бүгін 14:47

Құрылтай сайлауына қанша шығын кетеді?

Бүгін 14:31

Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Бүгін 14:10

Сапа мен қауіпсіздік: Алматыда білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін 12:41

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);