AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 5 емхана мен 2 жедел жәрдем қосалқы станц...

Алматыда 5 емхана мен 2 жедел жәрдем қосалқы станциялары салынып жатыр

Барлығы 29.10.2025, 16:53 439
Алматыда 5 емхана мен 2 жедел жәрдем қосалқы станциялары салынып жатыр
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы медициналық туризмді дамытуда: жыл сайын қала клиникаларында 15 мыңнан астам шетел азаматы ем қабылдайды.

Алдағы жылдары Алматыда 30-дан астам денсаулық сақтау нысанының құрылысы мен жаңғыртуы басталады

Алматы қаласында денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы жалғасуда. Қала соңғы он жылдағы ең ірі құрылыс және жаңғырту жобаларын жүзеге асыруда.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте мәлімдегендей, 2025 жылдың соңына дейін екі бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы мен бір жедел жәрдем қосалқы станциясының, сондай-ақ әр ауысымда 500 келушіге арналған бес жаңа емхананың құрылысы аяқталады.

Жаңа нысандар Думан, Құрамыс, Шұғыла, Алтай-1 шағын аудандарында және Айтеке би көшесінде орналасады.

Алдағы жылдары 30-дан астам медициналық нысанның құрылысы мен қайта жаңғыртылуы жоспарланып отыр, олардың қатарында:

300 төсекке арналған көпсалалы аурухана (Дарабоз шағынауданы);
200 төсекке арналған перинаталдық орталық;
№4, №7 ауруханалары мен №1 перзентхананың жаңа корпустары;
Психикалық денсаулық орталығы және балаларды оңалту орталығы бар.

«Соңғы 10 жылда мұндай ауқымдағы жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген. Біз алдағы жылдарға арналған сапалы медициналық инфрақұрылымды қалыптастырып жатырмыз», - деді қала әкімінің орынбасары.

Қазіргі уақытта Алматыда 14 қосалқы станция және 188 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Олар тәулігіне үш мыңға дейін шақыртуға қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, Республика күніне орай қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі 50 жаңа автокөлікпен толықты. Оның ішінде 12 “С” класты реанимобиль және 38 “В” класты санитарлық көлік бар. Автопаркті жаңартуға жалпы 3 млрд теңге жұмсалды. Барлық көліктер халықаралық стандарттарға сай заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.

 «Жаңартылған автопарк шұғыл көмек көрсетуді бұрынғыдан да жылдам әрі сапалы етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Нұрлан Әбдірахым.

Сонымен қатар, Алматы Қазақстандағы медициналық туризмнің жетекші орталығы мәртебесін сақтап келеді. Жыл сайын мегаполис клиникаларында 15 мыңнан астам шетел азаматы ем қабылдайды. Ең көп сұранысқа ие бағыттар – кардиохирургия, ортопедия, онкология, репродуктивті және эстетикалық медицина.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Астана алаңында Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар өтеді

Бүгін 10:14

Алматыдағы балалар колониясына Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен келді

Бүгін 09:53

Алматыдан Прагаға тікелей рейс ашылады

Бүгін 09:32

Қазгидромет 8 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 08:56

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады

Бүгін 08:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика