AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 40 жылда алғаш рет бірнеше шағын ауданда...

Алматыда 40 жылда алғаш рет бірнеше шағын ауданда су құбыры жаңартылды

Әлеумет 12.05.2025, 12:31 916 Bakyt
Алматыда 40 жылда алғаш рет бірнеше шағын ауданда су құбыры жаңартылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Самал шағын ауданында тұрақты әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз ететін су құбыры желісінің толық жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жаңартылған су жүйесі 25 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Бұл желі 13 мамыр күні іске қосылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz «Алматы Су» МКК сілтеме жасап.

Бұл күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Медеу және Бостандық аудандарында суық сумен жабдықтау уақытша шектеледі. Су беру уақытша тоқтатылатын аймақтар:

- Медеу ауданы – Назарбаев даңғылы, Сәтбаев көшесі, Достық даңғылы және Жолдасбеков көшесінің шекарасында орналасқан аумақтар, соның ішінде Самал-1, Самал-2 және Самал-3 шағын аудандары;
- Бостандық ауданы – Померанцев көшесі, Ганди көшесі, Назарбаев және Әл-Фараби даңғылдарының арасындағы аймақтар.

Жаңғыртылған су құбыры «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының инвестициялық бағдарламасы аясында жүргізілді және бұл қаладағы су жүйесінің сенімділігін айтарлықтай арттырады.

Аталған су желілері алғаш рет 1985 жылы арнайы жүріп өту арнасы арқылы салынған – бұл технологиямен жасалған қаладағы жалғыз учаске. Жаңғырту жұмыстарына дейін құбырлардың тозу деңгейі 80%-дан асқан болатын. 2024 жылы ұзындығы 4,369 шақырым, диаметрі 300 мм болатын учаске толығымен ауыстырылды. Барлық жұмыс қазусыз, жол қозғалысын шектемей жүргізілді.

Жалпы, қалада инженерлік желілерді жаңғырту және реконструкциялау бойынша кешенді іс-шаралар қабылданып жатыр. Осылайша, қабылданып жатқан шаралар 2025 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуын 52,9%-ға, су бұруды 53,9%-ға, электрмен жабдықтауды 63,3%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Алматылықтарды уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Байланыс нөмірі: 274-66-66

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы су #құбыр #Ауызсу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);