Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 4 мыңға жуық мопед тіркелді

Алматыда 4 мыңға жуық мопед тіркелді

Барлығы 19.03.2025, 15:43 773
Алматыда 4 мыңға жуық мопед тіркелді
Сурет: Polisia.kz

Қазақстанда мопедті тіркеу науқаны жалғасуда.

Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасы процессинг орталығының мәліметінше, мопедті тіркеп, "А1" санатындағы жүргізуші куәлігін алған азаматтардың саны біртіндеп артып келеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

"Мопед жүргізушілері мынаны есте сақтауы керек. "Жол жүрісі туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін мопедтер ресми түрде көлік құралы ретінде танылды. Демек енді оларды жүргізу үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі, сақтандыру полисі болуы керек. Полиция барлық мопед иелеріне тіркеуді кешіктірмеуді қатаң түрде ұсынады, өйткені жаңа ережелерді сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Заңды сақтау – бұл жай ғана формальдылық емес, жол қауіпсіздігі мәселесі. Уақытында тіркеліп, көлігіңізді заңды түрде жүргізіңіз", - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев. 

Мопедті тіркеу үшін иесі (иесінің өкілі) мыналарды көрсетеді: - жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттама қызметінен электронды түрде; - Салық кодексінің 553 және 615-баптарында көзделген СЖТЖ, МТНБ бергені үшін тіркеу алымы мен мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар. (0,25 АЕК немесе 983 теңге, СЖТЖ беру үшін – 1,25 АЕК немесе 4915 теңге және МТНБ беру үшін – 1,4 АЕК немесе 5505 теңге); - ҚР ІІМ 02.12.2014 жылғы №862 бұйрығымен бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларының 16-қосымшасына сәйкес мопедті мемлекеттік тіркеуге өтініш. - техникалық құжат (бар болса) немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ақпарат; - мопедке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда сәйкестендіру нөмірін тіркеу іс-шаралары жүргізілгенге дейін мопед иесінің өтініші бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган береді; - Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес көлік құралын тексеру актісі (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде); - бұрынғы СЖТЖ және МТНБ (бар болса); - меншік иесінің өкілі жүгінген жағдайда келісім немесе сенімхат.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мопед #тіркеу #кодекс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика