Алматыда 35 мың көрерменге арналған жаңа стадион бой көтереді

  • 22:48, 25 тамыз 2025
Алматыда 35 мың көрерменге арналған жаңа стадион бой көтереді Алматы әкімдігі

Мемлекет басшысының спорттық инфрақұрылымды және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында Алматыда халықаралық деңгейдегі жаңа футбол стадионын салу жоспарланып отыр. Жұмыс сапары барысында қала әкімі Дархан Сатыбалды жобамен танысты.

Жобалаушылардың мәліметінше, стадион 35 мың көрерменге есептеліп, УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай болады. Жобада жаттығу базалары, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары, заманауи қауіпсіздік жүйесі және іргелес аумақты абаттандыру қарастырылған.

Алматы әкімі жобаны іске асыру қалалық инфрақұрылымды дамытуда маңызды қадам екенін атап өтті. Халқы 2 миллионнан асатын еліміздің ең ірі мегаполисі өсіп келеді, тұрғындардың, әсіресе жастар мен студенттердің спорт пен салауатты өмір салтына қызығушылығы күннен-күнге артып отыр. Осы орайда халықаралық деңгейдегі заманауи аренаның салудың маңызы ерекше.

«Өздеріңіз білесіздер, Президенттің тапсырмасы бойынша жұмысты жеделдетуіміз қажет. Келер жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау керек. Болашақта бұл жерде метро бекетін және Алматының логистикалық хабын салу жоспарланған», – деді қала әкімі Дархан Сатыбалды.

Жаңа стадионды Құлжа тас жолы мен Талғар тас жолының арасында салу жоспарланған.  Жоба жүзеге асатын аумақтың көлемі шамамен 15 гектар. Бұл жер қаланың маңызды көлік-логистикалық торабына айналып, аренаны қалалық инфрақұрылымға тиімді кіріктіруге мүмкіндік береді. Мұндай шешім көрермендер мен қонақтарға ыңғайлы болуы үшін ірі спорт нысандарын көлік хабтарының маңына орналастыру жөніндегі әлемдік тәжірибеге сай келеді.

Жобаны таныстыру кезінде қала әкімі көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету, автотұрақ орындарын ұйымдастыру және нысанды қалалық ортаға қосу мәселелерін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ, Дархан Сатыбалды 65 жылдан астам бұрын салынған Орталық стадион сақталып, жеңіл атлетика инфрақұрылымы ескеріле отырып жаңғыртылатынын, әрі қарай да Алматыдағы спорт тарихының бір парасы болып қала беретінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:48

18:54

18:49

18:23

17:58

17:41

17:20

17:16

17:10

16:51

16:35

16:21

16:03

15:56

15:28

15:25

15:07

15:04

14:48

14:19

14:07

13:02

12:37

12:36

12:21