AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өш...

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Алматы 03.04.2026, 19:13 630
Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Алматыда 2025-2026 жылдарға арналған жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды. Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, ауа райының жылынуына және сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының бес тәулік қатарынан +8 градустан жоғары тұрақты сақталуына байланысты, жылу беру 3 сәуірден бастап кезең-кезеңімен тоқтатылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жылу жүйесін өшіру жұмыстары белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады: алдымен әкімшілік ғимараттар, кейін тұрғын үйлер, ал ең соңында әлеуметтік нысандар қамтылады.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, жылыту маусымы қалыпты режимде өтті. Қала тұрғындарына жылу мен электр қуаты тұрақты жеткізіліп, жылу көздері мен желілеріндегі температуралық талаптар толық сақталды.

Жылыту кезеңінде қала қызметтері жоғары дайындық режимінде жұмыс істеді. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген апаттық бригадалар жасақталды. Жалпы алғанда, 104 апаттық бригада құрамында 400-ге жуық маман және 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

2025 жылы жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде 39 шақырым жылу желісі жаңғыртылып, 17 қазандық жаңартылды, сондай-ақ 67 қазандықта жөндеу жұмыстары атқарылды. Қабылданған шаралар жылыту маусымы барысында жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп, техникалық ақаулардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Атырау экологиясына қатысты мәселелерді жедел шешуді тапсырды

Кеше 21:31

Алматының Бостандық ауданын көркейтуге 3 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды

Кеше 19:46

Бостандық ауданында жаңа скверлер мен жүргіншілер аллеялары салынып жатыр

Кеше 19:44

Бизнес, зауыттар мен тұрғын үй саны артты: Қазақстан жеті жылда қалай өзгерді?

Кеше 19:28

Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты

Кеше 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);