Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 28 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын...

Алматыда 28 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды

Әлеумет 23.08.2024, 11:54 1,117
Алматыда 28 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мектеп автобустары мен тегін тамақтану: Алматы әкімдігінде жаңа оқу жылына дайындық туралы айтылды

Алматыда жаңа оқу жылында 28 мың бала алғаш рет мектепке барады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова хабарлады. 

21 тамыздағы жағдай бойынша 1 сыныпқа 27490 бала қабылданды. Алайда қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады және білім басқармасының болжамынша бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндердің саны 28144 болады. 

«Соңғы 3 жылда алғаш рет бірінші сынып оқушылары санының төмендеуі байқалды, өткен жылмен салыстырғанда 4 мың адамға төмендеді. Жалпы, 308519 бала мектеп партасына отырады», - деді Әсем Нүсіпова. 

Балаларды мектепке дайындау үшін 1 тамызда жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. 55 мың теңге көлемінде 12684 мұқтаж бала қаржылай көмек алды. Естеріңізге сала кетейік, акция халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды қолдауға бағытталған және «Жалпыға бірдей білім беру» қорының, демеушілер мен меценаттардың бюджет қаражаты есебінен өткізіледі.

«Биыл жергілікті бюджеттен «Жалпыға бірдей білім беру қорына» 1,6 млрд теңге бөлінді. Мектеп формасын, спорттық киімдерді және кеңсе тауарларын сатып алуға 697 млн теңге қарастырылған. Демеушілер мен меценаттар жалпы сомасы 275 млн теңгеге 5010 балаға көмек көрсетті. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», - деді әкімнің орынбасары. 

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында былтыр 30 мемлекеттік мектепте басталған «Мектеп автобусы» жобасын жүзеге асыру жалғасады. 

«2023 жылы 100 автобус сатып алынды, бұл 8 мыңнан астам баланы тасымалдайды. Биыл 6 мыңнан астам баланы қамтитын 23 мектепке тағы 100 автобус сатып алу жоспарлануда. Осылайша, жаңа оқу жылында 14 мыңнан астам баланы 200 автобуспен тасымалдау ұйымдастырылады. Бұған барлығы 2,5 млрд теңге бөлінді», - деді Әсем Нүсіпова. 

Бұған қоса, Алматыда дұрыс теңдестірілген тамақтану жобасы қолға алынған. 

«Биыл ХӘОТ санатындағы 1-4 сынып балалары мен 5-11 сынып балаларын тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджетте 16,5 млрд теңге қарастырылған. 133 мыңнан астам оқушыны қамту жоспарланған. Тамақтану құны орта есеппен 840 теңге, бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш», - деді қала әкімінің орынбасары. 

Білім басқармасының мәліметінше, Алматыда барлығы 337 мектеп бар, оның 215-і мемлекеттік және 122-сі жекеменшік. Өткен оқу жылында оларда 336486 бала білім алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әсем Нүсіпова #мектеп #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика