ffin.kz

Алматыда 23 мың педагогтің қатысуымен тамыз форумы өтті

Алматыда 23 мың педагогтің қатысуымен тамыз форумы өтті almaty-akshamy.kz

25 тамызда Республика сарайында Алматы қаласы педагогтарының тамыз форумының пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Биыл форум онлайн форматта 3 мыңға жуық педагог пен 20 мыңнан астам мұғалімді біріктірді. Форумның тақырыбы: «Білімді ұлт: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм».



Форумның пленарлық отырысына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, Сингапур мұғалімдер одағының бас хатшысы Майк Тируман, Хельсинки қаласы білім департаментінің қызметтерді дамыту бөлімінің басшысы Марье Киллонен, білім беру саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.



Отырыс барысында алдағы оқу жылында қала мектептерінде білім беру сапасын арттыру жолдары талқыланды. Қалалық білім басқармасының ақпараты бойынша, бүгінде барлық мемлекеттік мектептерді шаруашылық жүргізу кәсіпорындарына (ШЖҚ) кезең-кезеңімен көшіру жүргізілуде. Ағымдағы жылы қаланың 210 мемлекеттік мектебінің 76-сы шаруашылықты жүргізу түріне көшеді.


Осы өзгерістерге байланысты мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді – педагогтерді оқыту форматы түбегейлі қайта қаралды, оның аясында олар үшін халықаралық тағылымдаманы ұйымдастыру жоспарлануда. Жаңа оқу жылы ішінде 50 педагог қызметкер Финляндия мен Эстонияның жетекші мектептерінде тағылымдамадан өтеді. 2023 жылдан бастап мұғалімдерді инклюзивті білім беру бойынша оқытудың арнайы бағдарламасы басталады. Бағдарламаға колледж оқытушылары да қатысады.



Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов 15 педагогті ведомстволық наградалармен марапаттады, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Білім-инновация» лицейінің директорына «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының жеңімпазы ретінде 48 млн теңге көлеміндегі сертификатты, сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындаған қаланың бес үздік мұғаліміне 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша 500 мың теңгеден ақшалай сыйлықты табыс етті.



Педагогикалық қызметкерлердің тамыз форумы аясында қаланың білім беру жүйесі жұмысының 11 бағыты бойынша стенд-көрме өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43