AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 2030 жылға қарай қоғамдық көлікпен қатына...

Алматыда 2030 жылға қарай қоғамдық көлікпен қатынау санын 64%-ға арттыру жоспарланып отыр

Алматы Бүгін 16:12 40
Алматыда 2030 жылға қарай қоғамдық көлікпен қатынау санын 64%-ға арттыру жоспарланып отыр

2030 жылға қарай Алматыда қоғамдық көлікпен тәулігіне қатынау санын 2,3 млн-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл бастапқы көрсеткіштен шамамен 64%-ға жоғары. Аталған мақсатты көрсеткіштер қаланың Бас жоспарын түзету кезінде де сақталады. Бұл туралы «Алматыбасжоспар» ҒЗИ басшысы Асхат Сәдуов мәслихат депутаты Садир Хамраевтың Алматының көлік жүйесін дамыту жөніндегі сұрағына жауап беру барысында айтты.

Асхат Сәдуовтың айтуынша, негізгі міндеттердің бірі қоғамдық көлікті тұрғындар үшін барынша қолайлы ету. Бұл жеке автокөлікті пайдалану қажеттілігін азайтып, жолға кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

Осы мақсатта аудандар арасындағы бағытты дамыту, қолайлы көлік ауыстырып міну тораптарын ұйымдастыру және қала ішінде әр жолы орталық арқылы өтпей-ақ қатынауға мүмкіндік беретін көлік байланыстарын қалыптастыру көзделген.

2040 жылға қарай Бас жоспарда жеке автокөлікті пайдалану деңгейін бастапқы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 20%-ға төмендету қарастырылған.

Сонымен қатар қоғамдық көлік желілерінің жалпы ұзындығын қазіргі 981 шақырымнан 2030 жылға қарай 1 040 шақырымға, ал 2040 жылға қарай 1 214 шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, жұмыс орындары мен күнделікті қажетті қызметтерді тұрғын аудандарға жақындату үшін бес полиорталықты дамыту көзделген. Бұл қала ішінде алыс қашықтыққа қатынау қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.

Халық санының болжамы нақтыланған сайын жолаушылар тасымалына деген қажеттілік те қайта есептеледі.

Көлік жүйесін дамыту нәтижелері жолға кететін уақыт, қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы және аудандар арасындағы қатынаудың қолайлылығы секілді көрсеткіштер бойынша бағаланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бас жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын түзету кезінде тұрғындардың ұсынысы ескерілді

Бүгін 16:52

Алматыда жерді бағалық аймақтарға бөлу схемасы жаңартылады

Бүгін 16:35

Ұялы байланыс желісі жоқ жерде де байланыс қолжетімді.

Бүгін 16:31

«Таза Қазақстан»: Астанада футбол ардагерлері мен жас чемпиондар ағаш отырғызды

Бүгін 16:27

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ұйымдастыруымен «Болашақ атомы» атом ғылымы мен технологиялары бойынша халықаралық конференциясы өтті.

Бүгін 16:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);