конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 2030 жылға дейінгі "Almaty Business" кәсі...

Алматыда 2030 жылға дейінгі "Almaty Business" кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бекітілді

Барлығы 18.02.2026, 16:59 407 Дина
Алматыда 2030 жылға дейінгі "Almaty Business" кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бекітілді
фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының мәслихаты шағын және орта бизнесті жүйелі дамытуға, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге және мегаполистегі инвестициялық белсенділікті арттыруға бағытталған «Almaty Business – 2030» жаңа өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын бекітті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алдыңғы «Almaty Business» бағдарламасы 2019-2025 жылдар аралығында іске асырылды. Осы кезеңде бюджеттен бөлінген 30,6 млрд теңге есебінен жалпы сомасы 56,5 млрд теңге болатын 793 жоба қаржыландырылды, оның ішінде 25,9 млрд теңге қаражатты қайталама игеру есебінен жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде қалада 6,4 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Жаңа бағдарлама қала экономикасының басым салаларын қолдауды күшейтуді, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды, қаржыландыру шарттарын жетілдіруді және жаңа инвестициялық тетіктерді енгізуді көздейді.

Бағдарламаның әкімшісі ретінде «Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ белгіленді. Операторлар — «Алматы» ӘКК» АҚ және оның еншілес ұйымдары: «Almaty Finance» ЖШС мен «Almaty» МҚҰ» ЖШС.

«Оң серпінді сақтап, бизнес үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында заманауи экономикалық сын-қатерлер мен Алматының стратегиялық даму басымдықтарына бағдарланған «Almaty Business – 2030» жаңа өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын бекіту ұсынылады», — деді мәслихат сессиясында Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берікбол Мәндібаев.

Оның айтуынша, «Almaty Business – 2030» бағдарламасын қабылдау экономикасының басым салаларын қолдауды күшейтуге, әлеуметтік кәсіпкерлікті қаржыландыру құралдарын кеңейтуге, инвестициялық белсенділікті арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Алматы қаласындағы кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Бағдарламаны іске асыру қаланың экономикалық әлеуетін нығайтуға және тұрғындарымыздың тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам болатынына сенімдімін», — деді Берікбол Мәндібаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Бүгін 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Бүгін 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Бүгін 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Бүгін 15:09

Алматыдағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін

Бүгін 12:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);