AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2026 жылы Райымбек – Саин жолайырығын күр...

Алматыда 2026 жылы Райымбек – Саин жолайырығын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр

Әлеумет 22.05.2025, 16:44 1,106
Алматыда 2026 жылы Райымбек – Саин жолайырығын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр
Сурет видео скрині

Алматының қалалық мобильділік басқармасы бұл жолайырықтың жағдайына қатысты БАҚ мен әлеуметтік желілерде айтылған пікірлерге байланысты түсініктеме берді.

Басқарма басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, бұл жолайрық 2005 жылы салынған және пайдалануға берілген сәттен бастап оның тірек құрылымдарының жағдайы тұрақты түрде бақылауға алынып келеді. 2016, 2020 және 2023 жылдары жүргізілген тексерістерде ақаулар анықталмаған.

«2024 жылдың қараша айында жүргізілген тексеріс нәтижесінде көпір құрылымдарының бетон бетінде ақаулардың пайда болуына, жол жамылғысындағы деформациялық жіктер мен асфальт-бетон жабындысының жөндеуді қажет етуіне байланысты күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданды. Биыл ақпан айында күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша мердігер ұйыммен келісімшарт жасалды. Жөндеу жұмыстары 2026 жылы басталады», – деді басқарма басшысы. 

Оның айтуынша, биыл наурыз айында техникалық қызмет жолайрыққа аспаптық тексеру жүргізіп, арнайы датчиктер орнатты. Бұл тексеріс те нормативтен тыс деформация анықтамады.

Сонымен қатар, жолайрықтың қазіргі жағдайын сақтау үшін оның кейбір элементтерін уақытша қорғау (консервация) жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда: эстакаданың аралық тірегіндегі ригельдің консолді бөлігін арнайы құраммен сылап жөндеу, тіректі қосымша арматуралау және бетін бетондау арқылы жөндеу, оңтүстік бағыттағы бұрылыстағы аралық тіректің консолді бөлігін арнайы құраммен жөндеу жоспарланған.

«Алаңдауға негіз жоқ, бүгінгі күні нысанның бүтіндігіне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Күрделі жөндеу басталғанға дейін техникалық қызмет ай сайын жолайырықты тексеріп отырады», – деп сөзін түйіндеді Сағындық Телібаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Райымбек #жолайырық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);