AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2023 жылы 25 км жаңа жол салынды

Алматыда 2023 жылы 25 км жаңа жол салынды

Әлеумет 21.12.2023, 08:03 992
Алматыда 2023 жылы 25 км жаңа жол салынды
Almaty-akshamy.kz

Ағымдағы жылы Алматыда қала әкімінің тапсырмасы бойынша 70 көшеде 25 км жаңа жол салынды және 200 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде БАҚ сұрақтарына жауап берген Ерболат Досаев мәлімдеді. Қала басшысы 2024 жылы қаланың 8 шағын ауданында 70 км жаңа жол салу және 250 км жолды орташа жөндеумен қамту жоспарланғанын айтты.


Ерболат Досаев журналистің әл-Фараби даңғылы мен Абай даңғылындағы жол жабынын орташа жөндеу туралы сұрағына да жауап берді. "Әл-Фараби және Абай даңғылдарында жол жамылғысын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс сапасына шағымдар жоқ. Жөндеу аяқталғаннан кейін көлік ағыны көбейді". Бұған дейін ағымдағы жол жөндеу маусымында алғаш рет полимерлер қосылған асфальтбетон қоспасы пайдаланылғаны хабарланған болатын. Жол құрылысында полимерлерді пайдаланудың артықшылығы оның төзімділігі, сондай-ақ жол төсемінің қызмет ету мерзімін ұзарту, беріктікті нығайту және асфальтбетон төсемінің аязға төзімділігін арттыру болып табылады.


"2025 жылы Алматы қаласында жолдардың болмауына байланысты проблеманы жапқымыз келеді. Биыл 33 млрд теңге бөлінді, келесі жылы - 45 млрд теңге. Көлік инфрақұрылымын дамыту Алматы әкімдігі жұмысының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады", - деді Ерболат Досаев.


Айта кетерлігі, Алматы қаласының көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 3097 км құрайды, оның ішінде ағымдағы жылдың соңында 184 км қатты жабынсыз, ал жыл басында 209 км болды). Досаевтың айтуынша, осылайша жол төсеміне қатысты мәселе жабылады деп жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жол #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Бүгін 15:33

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматыда мәдени-ағартушылық жұмысты күшейтпекші

Бүгін 14:40

Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

Бүгін 14:13

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика