AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2022 жылдан бері 88 заңсыз нысан бұзылды

Алматыда 2022 жылдан бері 88 заңсыз нысан бұзылды

Әлеумет 19.05.2025, 09:09 694 Bakyt
Алматыда 2022 жылдан бері 88 заңсыз нысан бұзылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді
 
Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен заңсыз құрылысқа қарсы бақылауды жұмыстары күшейтіліп жатыр. 2022 жылдың басынан 2025 жылдың мамырына дейін қалада рұқсатсыз салынған 88 нысан толығымен немесе жартылай бұзылды. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасынан хабарлады.

2025 жылы заңсыз салынған 18 ғимарат сүрілді. Олардың ішінде тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар, жапсаржайлар, дәмханалар, көлік жуу орындары және басқа да құрылыстар бар. Ең ірі нысандар қатарында «Мечта» таунхаусы, «KHAN» ТҮК және Достық даңғылындағы 7 қабатты әкімшілік ғимарат бар.

Таулы аймақтағы заңсыз құрылысқа ерекше назар аударылды. Мұнда 38 нысанға қатысты сот шешімі шыққан, олардың 12-сі толық немесе жартылай бұзылған. 

  • Тағы 3 нысанда құрылыс жұмыстары бастапқы кезеңде тоқтатылған.
  • Бұзу жұмыстары тек сот шешімі мен тиісті құжаттар негізінде, сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі. 
  • Заңсыз құрылыстарды анықтау және тоқтату жұмыстары жалғасуда.

«Заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту – қазіргі күннің талабы. Қала инфрақұрылымына, көлік және әлеуметтік жүйеге жүктеме артып барады. Рұқсатсыз, бейберекет құрылыс тек қаланың дамуына емес, тұрғындардың қауіпсіздігіне де тікелей қауіп төндіреді. Әсіресе, таулы аймақтағы құрылысқа ерекше назар аудару қажет. Бұл аумақтар сейсмикалық тұрғыдан әлсіз әрі қауіпті аймақтар. Осындай жерлердегі заң бұзушылықтар өте ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Ең бастысы, барлық сүру жұмысы заң аясында сот шешімімен ғана жүзеге асырылып жатыр. Бұл баршаға ортақ ереже мен әділеттілік кепілі. Алматыда атқарылып жатқан бұл шаралар басқа қалалар үшін де үлгі бола алады», - деді урбанист және қоғам қайраткері Гүлмира Байғабұлова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Заңсыз құрылыс #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);