Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 200 тоннадан аса тауық еті төмендетілген...

Алматыда 200 тоннадан аса тауық еті төмендетілген бағамен сатылады

Барлығы 12.08.2025, 14:39 524
Алматыда 200 тоннадан аса тауық еті төмендетілген бағамен сатылады
pexels.com

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру шаралары аясында  «Алматы» ӘКК» АҚ «NAURYZ AGRO KZ» ЖШС құс фабрикаcымен 205,2 тонна тауық етін (сан еті, жамбасы) жеткізу және сату туралы қарыз шартына қол қойды. Бұл туралы «Алматы» ӘКК» хабарлады.

Бағаны тұрақтандыру мерзімі – 24 ай. Өндірушінің көтерме бағасы – келісіне 1 150 теңге, тауарға қосылатын үстемесі 15%-дан аспайды. Өнім ірі сауда желілерінде және басқа да сату орындарында қолжетімді болады.

Бұған дейін «Алматы» ӘКК» «Magnum Cash&Carry» ЖШС-мен картоп, сәбіз, пияз және қырыққабатты белгіленген төмендетілген бөлшек бағамен сату жөнінде форвардтық қарыз шартына қол қойған. Көкөністер Алматы, Жамбыл, Павлодар және Қарағанды облыстарындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 10 440 тонна көлемінде сатып алынады. Бағаны тұрақтандыру 2025 жылы 1 қыркүйектен басталып, 2026 жылғы сәуірдің соңына дейін жалғасады.

Сондай-ақ «Magnum Cash&Carry» ЖШС-мен 11 атау бойынша ӘМАТ бағасын тұрақтандыруға арналған қарыз шарты бар. Оған қарақұмық, күріш, рожки (салмақпен), күнбағыс майы (Май зауыты №1), майлылығы 2,5% айран (жұмсақ қаптамада), майлылығы 72,5%  сары май, майлылығы 2,5% пастерленген сүт (жұмсақ қаптамада), тауық еті (сан еті, жамбасы), бірінші сұрыпты ұн, сиыр еті (төс еті) және тұз кіреді. Бағаны тұрақтандыру мерзімі 2026 жылғы наурызға дейін.

Бұған қоса, бұрын жасалған қарыз шарттары аясында «Алатау-Құс» АҚ және «Сарыбұлак» ЖШС құс фабрикалары қаладағы «Алатау-Құс» фирмалық дүкендеріне 1 818 тонна тауық етін, сондай-ақ ірі сауда желілеріне, «Алатау-Құс» дүкендеріне және «үй іргесіндегі» дүкендерге бірінші санаттағы 86,4 млн дана жұмыртқа жеткізуді жалғастыруда. Сонымен бірге «Көкшетау сүт зауыты Белогорье» ЖШС-нен 170 мың литр көлемінде майлылығы 2,5% сүт белгіленген төмендетілген бағамен минимаркеттер арқылы сатылады.

Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында отандық құмшекер сауда желілерінде өндірушінің белгіленген көтерме бағасымен – келісіне 380 теңгеден, тауарға қосылатын үстемесі 10%-дан аспайтын мөлшерде сатылуда.

Барлық ӘМАТ өнімі «Magnum», «Small», «Алатау-Құс» фирмалық дүкендері мен «үй іргесіндегі» дүкендерде өндірушінің көтерме бағасынан 15%-дан аспайтын тауарға қосылатын үстемесімен сатылады.

Өнімдердің белгіленген бағасы мен сату орындарының мекенжайлары «Алматы» ӘКК»-ның www.almatyazyk.kz сайтында жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тауық еті #құс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика