AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 1951 жылы салынған ескі ғимараттың орнынд...

Алматыда 1951 жылы салынған ескі ғимараттың орнында заманауи Оқушылар үйі пайда болады

Әлеумет 29.08.2024, 11:10 1,469 Bakyt
Алматыда 1951 жылы салынған ескі ғимараттың орнында заманауи Оқушылар үйі пайда болады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Алмалы ауданында қала әкімінің тапсырмасымен жыл соңына дейін 13 балабақша жөнделеді

Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында мектеп салу бойынша жоспарлы жұмыс жүзеге асырылып жатыр. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Райымбек даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысында 1,5 мың орынды мектеп құрылысы жалғасып отыр. Бұл жұмыс биыл желтоқсанда бітуі керек», - деді Ерболат Досаев. 

Қала басшысының айтуынша, қыркүйек айында №136 мектеп-гимназия ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, №58 мектепке 600 орынды қосымша құрылыс салынып жатыр, нысанды 2025 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарлануда.  Сондай-ақ, қазан айында №16 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс салуға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шықпақ. Құрылыс жұмыстары келесі жылы 1 тоқсанда басталады.

«Мектепке дейінгі білім беру саласында биыл Мәуленов көшесіндегі ғимаратты сейсмикалық күшейте отырып күрделі жөндеу жоспарлануда, онда 145 орындық балабақша ашылады. Ол 2025 жылдың 3 тоқсанында аяқталады. Бүгінгі таңда Тастақ шағын ауданында қолданыстағы ғимараттарды бұзып, балабақша салуға ЖСҚ әзірленуде. Сондай-ақ, осы жылдың желтоқсан айына дейін 13 балабақшаның материалдық-техникалық базасын жаңартылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталады», - деді Ерболат Досаев. 

Әлеуметтік бағыттағы нысандарға «қадамдық қолжетімділікті» құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған Алматы әкімі Жамбыл мен Байзақов көшелерінің қиылысында жаңа заманауи Оқушылар үйінің құрылысы басталғанын атады. 1951 жылы салынған ескі ғимаратқа сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілмеді, осыған байланысты оны бұзу және жаңасын салу туралы шешім қабылданды. Нысанды 2025 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы #мектептер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);