AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда 17 гектар орман рұқсатсыз оталған

Алматыда 17 гектар орман рұқсатсыз оталған

Заң мен тəртіп 08.01.2024, 06:19 1,184
Алматыда 17 гектар орман рұқсатсыз оталған
Сурет: интернеттен

Заңсыз ағаш кескен құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Алматы қалалық экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше,  «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС 17 гектар жердегі жасыл желекті отап тастаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алатау ауданы, Дарабоз шағынауданында жалпы көлемі 17 га жер учаскесінде  ағаш кесуге  және құрылыс жүргізуге рұқсат берілмесе де мұндағы  176  ағаш және 40-тан астам жабайы өскен бұталар (барлығы 216 түп) кесілген.



«Осыған байланысты Басқарма мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы және табиғат қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп келтірілген залалды есептейді әрі жасыл желектерді тексеру актісін жасайды. Анықталған факті бойынша Алматы қаласы Алатау ауданының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.



Компания 2023 жылғы маусымнан бастап «Мемлекеттік қызметтер» порталы арқылы (Elicense.kz) Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасына «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС-нен тұрғын үй кешені құрылысының аумағында ағаштарды кесуге рұқсат алу үшін 6 рет өтінім берген. Барлық өтінімдерге ұсынылған материалдарда жасыл желектер туралы ақпараттың мазмұны бар сараптама қорытындысының болмауы себебінен  ағаштарды кесуге рұқсат берілмеді. Ағаштарды кесуге рұқсат беру мемлекеттік қызмет болып табылады. Қажетті құжаттар пакеті толық  ұсынылған жағдайда рұқсат беруден бас тарту мүмкін емес.



«Бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында (Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама) көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың толық пакетінің  ұсынылуына байланысты 2023 жылғы 11 желтоқсанда Басқарма жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша кесуге рұқсат берілген  2797 дана ағаштың  орнына 27 970 дана көлемінде өтемдік жасыл желек отырғызатын болады. Басқарма сонымен қатар 100 дана жасыл желектерді басқа жерге отырғызу жөніндегі жұмыстарға келісім берді», - делінген хабарламада.



Көшеттерді отырғызу «Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларының» барлық талаптарын сақтай отырып, биіктігі кемінде 2,5 метр болатын жалпы пайдаланымдағы жерлерде жүргізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ағаш #Алматы #заң #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:09

«Алматы» ӘКК мен «Қазақмыс корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін 11:24

Жаңбыр жауып, дауыл соғады: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика