Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 160 пәтер әскери азаматтарға жекешелендір...

Алматыда 160 пәтер әскери азаматтарға жекешелендіруге беріледі - министрлік

Әлеумет 08.12.2022, 17:00 1,075
Алматыда 160 пәтер әскери азаматтарға жекешелендіруге беріледі - министрлік
Сурет: Ашық дереккөз

160 пәтерді жекешелендіруге беру жоспарланып отыр


 ҚР Қорғаныс министрлігі ҚР Қарулы Күштер қатарында қызмет етіп жүрген 160 пәтерді жекешелендіруге беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қорғаныс министрлігі запасқа шығарылған және жабық әскери қалашықтарда тұратын әскери қызметшілердің тұрғын үй мәселелерін шешу мәселесін назарда ұстап отыр.


Алматы өңірлік гарнизонының аудандық пайдалану бөлімінде Қарулы Күштер Әскери инфрақұрылым бас басқармасының өкілдері бұрынғы әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кезекті кездесу өткізді.


Қорғаныс ведомствосының бастамасымен 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енген заңнамадағы өзгерістердің арқасында еңбек өтілі 10 жылдан асқан, дегенмен 20 жылға жетпеген бұрынғы әскери қызметшілер жабық әскери қалашықтардағы қызметтік тұрғын үй алаңын қалдық құны бойынша жекешелендіру құқығын пайдалану арқылы басқа пәтерге айырбастай алады.


Кездесу барысында жабық әскери қалашықтардағы тұрғын үйлерді жекешелендіруге жататын пәтерлерге айырбастау мүмкіндігі туралы түсініктемелер мен мәліметтер де берілді.


Алматыда тұрғын үйге сұраныстың артуын ескере отырып, Әскери инфрақұрылым бас басқармасы пәтер үлгісіндегі екі жатақхананың мәртебесін өзгертті. Тиісті қайта жоспарлау және жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін 16 бір бөлмелі және 15 екі бөлмелі пәтер қоныстануға дайын. Осы үйлерден барлығы 160 пәтерді жекешелендіруге беру жоспарланып отыр.



«Бұл бағыттағы жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіліп жатыр. Қазір Алматыда, Ақтауда, Ақтөбеде, Жезқазғанда, Таразда және Абайда пәтерлер алмасуға ұсынылуда. Айырбастау қоры туралы толық ақпарат Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған»,- министрліктің хабарламасында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскери #баспана #министрлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10

Алматы үйленуден көш бастап тұр

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика