AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда 135 млрд теңгеге жалған құжат жасағандар...

Алматыда 135 млрд теңгеге жалған құжат жасағандар сотталды

Заң мен тəртіп 21.10.2022, 04:30 1,157
Алматыда 135 млрд теңгеге жалған құжат жасағандар сотталды
Inform.kz


Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.







Топ мүшелері 2018-2020 жылдар аралығында өз бақылауындағы 25 компания арқылы 135 млрд теңгеге жуық сомаға жалған шот-фактура жазған.


Осылайша контрагент-сатып алушылар бюджетке төленбеген салық түрінде мемлекетке 39 млрд теңгеге жуық шығын келтірген.



Сондай-ақ, тергеу барысында контрагент-сатып алушылардың бақылаудағы компаниялардың банк шотына түскен қаражаты шетел компанияларымен жалған шарт жасасу арқылы республикадан тыс жерлерге шығарылғаны, онда шетел валютасындағы қайтарылмаған қаражаттың сомасы 6,6 млн АҚШ долларын құрағаны анықталды.



Сот үкімімен бес айыпталушының бәрі кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Тәркіленген 65 мың АҚШ доллары мен 20 млн теңгеден астам қаржы мемлекет кірісіне алынды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жалған #құжат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық құндылықтар – адами капиталды дамытудың негізі

Бүгін 14:44

Алматы қолөнер өнерінің орталығына айналды: қалада ұлттық дәстүр мен шығармашылық жәрмеңкесі ашылды

Бүгін 14:39

ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді 

Бүгін 14:24

Алматының Медеу ауданында электр желілеріндегі апаттық жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 11:50

Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылау маңызды екенін айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);