AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша тег...

Алматыда 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша тегін медициналық көмектің аясы кеңейтіледі

Медицина 28.12.2025, 16:59 529 yakiya
Алматыда 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша тегін медициналық көмектің аясы кеңейтіледі
Өңірлік коммуникациялар қызметі

2026 жылдан бастап Алматыда 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша диагностика, бақылау мен емдеу сақтандырылған мәртебесіне қарамастан тұрғындардың барлығына қолжетімді болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләйлә Иманғалиева осылай деді.

Спикердің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізіміне туберкулез, АИТВ-инфекциясы, қатерлі ісіктер, созылмалы вирусты гепатиттер мен бауыр циррозы, психикалық және мінез-құлықтағы ауытқулар, орфандық аурулар, эпилепсия, инсульт пен жедел миокард инфаркті, сондай-ақ жүйке жүйесіне қатысты біраз ауру кіріпті.

«Маңызды өзгерістің бірі әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққан жағдайда науқастың сақтандырылған мәртебесіне қарамастан қажетті диагностикалық тексеру тағайындалады. Бұған дейін мұндай мүмкіндік туберкулез немесе АИТВ-инфекциясын жұқтырды деген күдік болған кезде ғана қарастырылған еді», – деді Ләйлә Иманғалиева.

Ол 2025 жылы қыркүйектен бастап Алматының барлық тұрғыны онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында скринингтік тексерістен тегін өтетінін де еске салды. Бұрын мұндай мүмкіндікке сақтандырылған азаматтардың ғана қолы жететін. Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап МӘМС пакеті де кеңейтіледі. Оған диспансерлік есепте тұрған созылмалы аурулары бар науқастар, оның ішінде қант диабеті, артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, бүйрек, тыныс алу ағзалары, тірек-қимыл жүйесі аурулары мен басқа да дертпен ауыратын азаматтар енгізіледі.

«Бұл пациенттерге дәрі-дәрмекпен қамтылып, амбулаториялық және стационарлық жағдайда емнің барлық қажетті түрін, оның ішінде қымбат препараттар алуына мүмкіндік береді», – деді Ләйлә Иманғалиева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС пакет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық Банк «ALTYN ORDA» коллекциялық монетасын таныстырды

Бүгін 09:39

Алматы әкімі заңсыз сауда нысандарына қатысты қатаң шара қабылдауды тапсырды

Бүгін 09:04

Сәрсенбі күні ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Кеше 19:33

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Кеше 19:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);