Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 100 мың тұрғынның су тапшылығы мәселесі ш...

Алматыда 100 мың тұрғынның су тапшылығы мәселесі шешіледі

Әлеумет 04.04.2025, 13:10 492
Алматыда 100 мың тұрғынның су тапшылығы мәселесі шешіледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ақсай өзеніндегі салынып жатқан су дайындау станциясы Наурызбай ауданының 100 мың тұрғыны үшін су тапшылығы мәселесін шешеді

Наурызбай ауданындағы су тапшылығын жою мақсатында қуаты тәулігіне 22 мың м³ болатын су дайындау станциясының құрылысы жүргізілуде. Станция 100 мың адамды сумен қамтамасыз етеді. Бұл туралы ШЖҚ «Алматы Су» МКК бас директоры Ілияс Қазиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz
 
Құрылыс жұмыстарын биыл қазан айында аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, биыл мамыр айында бұған дейін салынған Қарғалы сүзгі станциясында іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталады.

«Су тазарту нысанының жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық кәріз коллекторының құрылысы қатар жүргізілуде. Бұл бастапқыда станция жобасына енгізілмеген болатын», – деді спикер.

Аталған коллектордың құрылысы осы жылдың маусымында аяқталған соң станцияны іске қосуға болады. Бұл Қарғалы өзенінен алынатын суды тазалап, халыққа жеткізуге мүмкіндік береді.

Осы жобалардың жүзеге асырылуы Наурызбай ауданы тұрғындарын, оның ішінде Қарағайлы, Құрамыс, Таусамалы, Тастыбұлақ шағын аудандарындағы 50 мың адамды сапалы және үздіксіз сумен қамтуға жол ашады.

Сонымен қатар, қаланың батыс бөлігінде өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету мақсатында қуаты тәулігіне 43 мың м³ болатын «Барлық» су жинағыш жобалануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тазарту #Алматы су #Ілияс Қазиев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика