Алматыда 10 айда негізгі капиталға 1,2 трлн. инвестиция тартылды

 Алматыда 10 айда негізгі капиталға 1,2 трлн. инвестиция тартылды almaty-akshamy.kz

Нақты шамада 4,2% өсті. Жеке инвестициялардың өсуі 10,9%-ға дейін жеделдеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Қала экономикасын дамытудағы оң динамика бюджет кірістерінің 34,5%-ға – 4,9 трлн-ға дейін өсуін қамтамасыз етті. Бұл ретте республикалық бюджетке өсім 35,4%, ал жергілікті бюджетке – 32% болды», - деді Алматы әкімі. 



Сонымен қатар, әкім өз сөзінде еңбек нарығындағы жағдай жақсарып келе жатқанын айтты. Жыл басынан бері 73 мың жұмыс орны құрылғандықтан ІІІ-ші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ке (2022 ж. - 5,0%) дейін төмендеді. Бұл ретте, оның 77,4%-ы тұрақты жұмыс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:15

14:06

12:36

12:32

12:02

11:49

11:37

11:16

11:09

10:56

10:47

10:41

10:26

10:10

09:59

09:45

09:18

09:07

08:55

08:36

20:21

19:19

18:16

18:03

17:58