Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 1 қыркүйекте сегіз жаңа мектеп ашылды

Алматыда 1 қыркүйекте сегіз жаңа мектеп ашылды

Әлеумет 01.09.2022, 04:02 1,339
Алматыда 1 қыркүйекте сегіз жаңа мектеп ашылды
almaty-akshamy.kz

Биылғы оқу жылында Алматыда бірінші сыныпқа 32 мыңға жуық бала барды. Қала мектептерінде барлығы 317 мың оқушы білім алатын болады. Ағымдағы жылы бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Білім күні бірден сегіз жаңа мектеп есігін айқара ашты, олардың төртеуі – мемлекеттік. Бұл оқу орындары "Мәдениет", "Қалқаман", "Саялы", "Томирис" шағынаудандарында орналасқан және 6600 орынға есептелген. Қалған төрт мектеп (1470 орын) жеке инвестиция есебінен салынды. Сондай-ақ, бүгінде №191, 146, 125 мектептерге жапсарлас құрылыс жұмыстары аяқталды, бұл оқушылар санын 875 орынға ұлғайтуға мүмкіндік берді.




Биылғы оқу жылынан бастап Алматы мектептері толығымен бір немесе екі ауысыммен білім алуға  толық көшеді. "Мәдениет" шағынауданында ашылған 1500 орынды мектеп қаладағы жалғыз үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Қалада барлығы 210 мемлекеттік және 91 жеке меншік мектеп жұмыс істейді. Жыл соңына дейін бес мемлекеттік және екі жеке меншік мектепті пайдалануға беру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған оқу орындарының жанындағы үш қосалқы нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. 



Биыл аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектепке дайындау аясында жергілікті бюджеттен 847 млн теңге бөлінді. Нәтижесінде Алматының 20 мыңға жуық оқушысы мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін «Жаппай оқыту» қорынан 43 мың теңге сомасында қаржы алды. Демеушілердің арқасында «мектепке жол шекарасыз жақсылық» республикалық акциясы аясында мұқтаж отбасылардан шыққан 4108 балаға жалпы сомасы 70,6 млн теңгеге көмек көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #қыркүйек #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика