Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 1 қыркүйекке дейін үш жатақхана ашылады

Алматыда 1 қыркүйекке дейін үш жатақхана ашылады

Әлеумет 21.08.2023, 09:05 933
Алматыда 1 қыркүйекке дейін үш жатақхана ашылады
Сурет: интернеттен

Қалада 32 жатақхана жұмыс істейді.


Бұл деректі ӨКҚ алаңында өткен брифингте Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Спикер мәліметінше, Алматыда барлығы 85 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 23 мемлекеттік және 62 жекеменшік, онда студенттердің жалпы контингенті 80 205 адамды құрайды.


Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғаяды, егер 2021 жылы 11 405 орын болса, ағымдағы жылы - 16 500 орын, өсім 5 095 орынды немесе 44,6% құрады.


Осының арқасында тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 2021 жылмен салыстырғанда 3 300 орынға немесе 10% - ға өсті (2021 жылы - 36 478 адам, 2022 жылы - 39 618 адам).



Қалада 32 жатақхана жұмыс істейді, онда 3556 студент тұрады, оның ішіне 2500 төсек-орынға арналған 12 мемлекеттік колледж жанындағы 13 жатақхана, және ЖОО жанындағы жеке колледждердегі 1256 төсек-орны бар 19 жатақхана кіреді.



Қазіргі уақытта қаладан тыс тұратын студенттерге арналған студенттік жатақханаларда орын тапшылығы 2500-ден астам төсек-орынды құрайды.


Бұл мәселені шешу бойынша бірқатар шаралар қабылданды:


- биыл наурыз айында Алматы құрылыс-техникалық колледжінің іргелес аумағында 60 орындық жатақханасы ашылды;


- биыл 12 шілде әкімдіктің қаулысымен Алматы сән және дизайн колледжіне 300 орындық жатақханаға ғимарат берілді;


- 2022 жылдың соңында 150 орындық сервистік қызмет көрсету колледжіне арналған жатақханаға арналған 4 қабатты ғимарат сатып алынды. Бүгінгі таңда жатақханада ағымдағы жөндеу жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 70 млн. теңге бөлінді.


Осы жылдың 1 қыркүйегіне 510 төсек-орынға арналған 3 жатақхана ашу жоспарлануда.



“Біздің басты міндетіміз – кадрларды даярлау сапасын арттыру, сондықтан біз тәлімгерлік институтын енгізу, құзыреттілік орталықтарын құру, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушыларының сапасын шетелде тағылымдамадан өткізу арқылы арттыру бойынша кең ауқымды жұмысты бастадық”,- деп қорытындылады Л.Жылқыбаева.


 



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жатақхана #Алматы #Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыр алыбы - Жамбыл туралы жеті дерек

Бүгін 20:37

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы тарихи жетістігімен құттықтады

Бүгін 17:46

Тоқаев шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 16:51

Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

Бүгін 16:25

Бас прокуратура ескерту жасады: интернет-алаяқтар deepfake арқылы алдауға көшкен

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі