AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні...

Алматыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде атап өтіледі

Алматы Бүгін 12:53 65 yakiya
Алматыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде атап өтіледі

Қалада тұрғындар мен қонақтарға достық, ынтымақ және мәдени әртүрлілік сынды ауқымды мерекелік іс-шаралар легі жоспарланған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Негізгі мерекелік бағдарламалар

Басты іс-шара – 1 мамыр күні сағат 11:00-де Абай алаңында өтетін «Бірлігі жарасқан Алматы» достық фестивалі болмақ. Фестиваль аясында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Атап айтсақ, Нұрлан Өнербаев, Зарина Алтынбаева, Маржан Арапбаева, Luina, Парвиз Назаров, Роман Ким, Rumi & Yanis, «Алатау серілері», «КешYOU», «Baraban'Da show», «Дервиши», «IL Canto», «Komuz beats» топтары, «Бозторғай» фестивалінің солистері, сондай-ақ «Салтанат», «Бахар», «Рухсара», «Нам Сон», «Бастау», «Наири» би ансамбльдері бар.

Сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Абай алаңында мерекелік бағдарлама «Dostyk Fest» концертімен жалғасады. Оған Айқын Төлепберген, Qanay, Еркеш Хасен, Ayree, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Әсет Арыстанбек, Мәди Рымбаев, Бағдат Сейіт, Hulan-Aru, Досекеш, Балауса Ерғалина, Жарқынай, Назым Әбілдина, сондай-ақ «Alpha», «КешYOU», «Astra», «Aya funk» топтары қатысады.

Сонымен қатар, 1 мамыр күні Абай алаңында мерекелік гастрономиялық жәрмеңке өтеді.

2 мамыр күні осы алаңда «Отбасы банкпен» бірлесіп ұйымдастырылатын «Отбасы Fest» отбасылық фестивалі өтеді. Іс-шара екі бөлімнен тұрады:

10:00-18:00 – жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі;

19:00-21:00 – эстрада жұлдыздары қатысатын концерт.

Мәдени мекемелердегі іс-шаралар

Мереке аясында қаладағы музейлерде, кітапханаларда, театрларда, жастар орталықтарында түрлі тақырыптық көрмелер, әдеби-сазды кештер, концерттер мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.

30 сәуір

10:00, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі - «Музыка арқылы танысайық» атты интерактивті квест ойыны.

11:00, №39 балалар кітапханасы - «Халық бірлігі – болашақ кепілі» атты кітап көрмесі.

11:00, С.Бегалин атындағы орталық балалар кітапханасы - «Қазақстан – достық мекені» танымдық ойын-сауық бағдарламасы.

11:30 - Алматы музейі ұйымдастыратын Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназиясында өтетін - «Бірлік пен татулық – мәңгілік құндылық» атты сабақ.

12:00, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапхана - «Ұлттар достығы» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу.

12:00, Әуезов ауданының комьюнити орталығы (Мамыр - 1 ш\а., 26/1) - «Бірлік» жәрмеңкесі: әр ұлттың дәстүрлі тағамдары ұсынылады.

15:00, Д.А. Қонаев музейі - «Көпұлтты ел – біртұтас халық» атты дәріс.

15:00, А. Байтұрсынұлы музей-үйі - «Ел бірлігі – ынтымақта» атты дөңгелек үстел. ​

1 мамыр

10:00, Алмалы кітапханасы - «Береке басы – бірлік» мерекелік кеші.

11:00, Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығы - «Бір шаңырақ астында – ортақ мақсат, ортақ мүдде» атты музейлік сабақ.

11:00, Alatau Creative Hub - «Бір шаңырақ астында – бейбіт ел» атты кітап көрмесі.

12:00, Н. Тілендиев мемориалдық музейі - «Бірлік әуені – ел жүрегі» атты концерт.

14:30, Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры - Түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билері мен әндері қамтылған қуыршақ кейіпкерлері қатысатын «Қуыршақ Думан» мерекелік қайырымдылық спектаклі.

19:00 – DJ-көлік бастап жүретін түнгі неон жүгіру «Бірлік жүгіруі»;

Медеу  ауданы комьюнити орталығы - «Бейбітшілік әлемі» суреттер мен қабырға газеттерінің көрмесі.

Жетісу ауданы комьюнити орталығы (Серіков көшесі 6а/1) «Бір шаңырақ астында» байқауы.

4 мамыр

11:00, М.Әуезов атындағы кітапхана - «Қазақстан – Отаным, мәңгі достық дастаны» атты әдеби-сазды кеші.

Аудандық мерекелік бағдарламалар

Мерекелік іс-шаралар Алматының барлық ауданын қамтиды:

Алатау ауданы:

1 мамыр, Оқушылар инновациялық шығармашылық орталығы - мерекелік концерттік бағдарлама.

Алмалы ауданы:

1 мамыр, 11:00, Сайран көлінің шығыс жағалауы - қолөнершілер көрмелерін және ересектер мен балаларға арналған аймақтар, сонымен қатар эстрада жұлдыздары өнер көрсететін мерекелік концерт.

Әуезов ауданы:

1 мамыр, 11:00, Family Park саябағы және Сарыарқа алаңы - мерекелік концерттік бағдарлама.

Бостандық ауданы:

1 мамыр, 11:00, Тұңғыш Президент саябағы – концерт пен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі.

Жетісу ауданы:

1 мамыр күні сағат 10:00-де Айнабұлақ шағынауданы Мұқатай көшесінде ұлттық киімдер шеруі болады.

1 мамыр, 10:00, Айнабұлақ ш\а, Арбат - мерекелік шаралар, ұлттық киімдер көрмесі.

Медеу ауданы:

30 сәуір, 10:00, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы - «Бірлік бар жерде тірлік бар» атты мерекелік бағдарлама.

1 мамыр, 14:00, Абай алаңы - «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты шығармашылық ұжымдар қатысатын аудандық мерекелік концерт.

Наурызбай ауданы:

30 сәуір, 16:00, Амфитеатр (Шұғыла ш/а., 347) - эстрада жұлдыздары қатысатын мерекелік концерт.

1 мамыр, 19:00, Амфитеатр (Шұғыла ш/а., 347) - «Болған оқиға» көркем фильмінің ашық аспан астындағы көрсетілімі.

Түрксіб ауданы:

1 мамыр, 11:00, С. Сейфуллин атындағы саябақта мерекелік концерт, этномәдени бірлестіктердің көрмесі, аудан мектептерінің оқушылары арасында 3х3 форматында баскетболдан жарыс  және мерекелік сауда ұйымдастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#1 мамыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық оқушылар суға батқан адамды құтқарудың жолын үйренді

Бүгін 14:42

Ғылым мен спорт ұштасқан күн: Алматыда аңызға айналған чемпиондар бас қосты

Бүгін 14:25

Алматыдағы 190 діни бірлестік қоғамдық жұмыстан қалмайды

Бүгін 13:01

Алматылық дәрігерлер ұйқы безінің ауыр асқынуы бар әйелдің өмірін сақтап қалды

Бүгін 12:17

Алматы білім беру хабына айналуда: Innotech университеті Arizona State University серіктестігімен іске қосылады

Бүгін 12:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика