конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматы зообағындағы маймыл қашып кетпек болды

Алматы зообағындағы маймыл қашып кетпек болды

Өмір-өзен 19.04.2022, 14:44 2,410
Алматы зообағындағы маймыл қашып кетпек болды
Сурет: Almatyzoo

Шимпанзе жүгіріп келе жатып кішкентай бала отырған қоларбаны итеріп жіберген.


Бүгін сағат 16:21-де Алматы хайуанаттар бағында келеңсіз жағдай орын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz зообақтың Инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.


«Приматтар» бөліміндегі Паша есімді шимпанзе қысқы қоршаудан жазғы қоршауға ауыстырылатын кезде, арнайы темір торды бұзып, вольерден сыртқа шығып кетті.



«Өз аумағынан бөлектеніп қалғандықтан, стресстік жағдайға ұшыраған шимпанзе жүгіріп келе жатып зообаққа келушілердің арасында тұрған әйел мен кішкентай бала отырған қоларбаны итеріп жіберген. Бала жарақат алған. Зообақ фельдшері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Артынан жедел жәрдем шақырылды. Қазір баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Зоотехниктер мен ветеринарлар жағдайды реттеп, шимпанзені вольерге кіргізді. Зообақ басшылығы мен қызметкерлері зардап шеккен баланың ата-анасымен үнемі байланыста болады және қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын», - делінген зообақ әкімшілігі таратқан ақпаратта.



Хайуанаттар бағында жануарлардың қашуы сирек орын алатын жағдай емес. Мұндай орын алған оқиғалардың соңы қайғылы жағдайларға ұласып жатады. Мамандардың жедел қимылының арқасында ауыр жағдай орын алған жоқ.



.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #маймыл #Зообақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

FlyArystan Алматы мен Сиань арасында тікелей әуе рейсін іске қосты

Бүгін 15:34

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Бүгін 15:17

Тарихи сайлау – Президент Құрылтай сайлауын 23 тамызға тағайындады

Бүгін 15:13

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков: Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін 14:21

Алматыда жаңартылған конституцияның күшіне енуі қолдау тапты

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);