AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматы зообағында зебра құлындады

Алматы зообағында зебра құлындады

Өмір-өзен 16.10.2021, 05:30 1,663 Almaty-akshamy
Алматы зообағында зебра құлындады
Cурет: pixabay.com

Чапман зебралары Африканың оңтүстігінде кездеседі


Алматы зообағында зебра құлындады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


14 қыркүйек күні Чапман зебрасы жұбында төртінші ала құлын өмірге келді.


Аталық зебра – Ричард 21 жаста. Ол Алматы зообағына бір жасында Бойницадан әкелінді. Оның жұбы – Чапа Копенгагеннен. Қазір ол13 жаста.


Чапман зебралары Африканың оңтүстігінде кездеседі – Ангола, Ботсвана, Зимбабве, Намибия және Оңтүстік Африка Республикасында. Бұл жануар қорғау мен қамқорлықты қажет ететін болғандықтан қызыл кітапқа енген.


Аналық зебраның жүктілігі 370-390 күнге созылады. Көбіне бір, кейде екі құлын туады. Әдетте, жаңа туған құлын 10-15 минуттан кейін аяғынан тік тұрып, жүріп кетеді.



«Біздің кішкентай зебрамыздың буыны қатайып, өсіп келеді. Енді оған ерекше ат қойғымыз келеді. Өз нұсқаларыңызды айтып, ұсыныстарыңызды парақшамызға жазыңыздар»,-деп хабарлады зообақтан.



Алтын күз келді. Хайуанаттар бағының әр тұрғыны жылдың осы мезгілін ерекше сезінеді. Оңтүстік астанада ауа райы әлі жылы болғандықтан, хайуанаттар бағының кейбір тұрғындары күнге қыздырынып жатқанды жақсы көреді.


Мысалы, кенгуру күн сәулесі жақсы түсетін жерде жатады, аз қозғалуға тырысады. Зебра, жираф, піл, арыстан да соның қатарында.


Зообақтағы құстар мен тиін де алдағы қыс мезгіліне дайындалуда.
Тиіндер қысқы көректерін індеріне тасып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Зебра #Алматы #Зообақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);