AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы – Түркі әлемінің астанасы

Алматы – Түркі әлемінің астанасы

Барлығы 19.08.2025, 11:09 807
Алматы – Түркі әлемінің астанасы
Алматы әкімдігі

Алматыда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) IV Халықаралық жастар фестивалінің ашылу салтанаты барысында қалаға "2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы" мәртебесі берілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл шараға ТМҰ бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды және ТМҰ-ға мүше елдердің белсенді жастары қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады.

“Алматы – азаттығымыздың алтын бесігі, жасампаз жастардың құтты мекені. Өркениетіміздің өрісін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосқан көптеген ұлы тұлғаларымыз осы қалада өсіп-өнген. Шын мәнінде, төл мәдениетіміздің темірқазығына айналған шежірелі шаһар қазақ елінің ғана емес, түркі мемлекеттерінің де рухани ордасы саналады”, – делінген құттықтау хатында.

Салтанатты іс-шара аясында бауырластықтың, сенім мен жаңа мүмкіндіктердің нышанына айналған жастар астанасы кілтін 2024 жылғы жастар астанасы - Ленкорань қаласы, Әзербайжан елінің өкілдері Алматы жастарына табыстап, бауырластық эстафетасын жалғады. 

Айта кетейік, халықаралық фестиваль ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр.

Фестиваль екі күнге жалғасып, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше – Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстаннан келген делегаттар жастар саясаты, кәсіпкерлік, азаматтық белсенділік және әлеуметтік бастамаларды дамыту тәжірибелерімен бөліседі. 

Сондай-ақ жас көшбасшылар мен кәсіпкерлердің кездесуі өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар балаларды үйде оңалту жобасы бес өңірде жүзеге асырылуда

Кеше 17:05

Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Кеше 16:30

Алматыда Бибігүл Төлегенованың шеберлік сабағы өтті

Кеше 16:05

Алматылық спортшы самбодан шеберлер арасында әлем чемпионы атанды

Кеше 16:02

Келешек мектептері: Қазақстанның білім беру инфрақұрылымын жаңғырту

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);