AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматы туризмді халықаралық деңгейде дамытып келед...

Алматы туризмді халықаралық деңгейде дамытып келеді

Алматы құшағында Бүгін 17:33 34 yakiya
Алматы туризмді халықаралық деңгейде дамытып келеді

Алматы қаласының Туризм басқармасы мен қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы туристік әлеуетті арттыру және шетелдік қонақтар санын көбейту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Құжат аясында тараптар Алматыны шетелдік нарықтарда бірлесіп насихаттауды жоспарлап отыр. Негізгі бағыттардың қатарында маркетингтік кампаниялар, ақпараттық жобалар және қаланың халықаралық деңгейдегі тартымдылығын арттыруға арналған басқа да бастамалар бар.

Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова халықаралық әуе қатынасының дамуы туристер санына тікелей әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл Алматының Орталық Азиядағы жетекші туристік бағыт ретіндегі орнын нығайта түседі.

«2025 жылы Алматыға шамамен 2,5 миллион турист келді, оның 754 мыңы шетелдік қонақтар. 2026 жылы бұл көрсеткіш 800 мыңнан асады деп болжанып отыр. Қазір қала еліміздегі ірі авиациялық хабқа айналып келеді: Алматы 60-тан астам халықаралық бағытпен тікелей байланысқан және Қазақстандағы халықаралық әуе тасымалының 60 пайыздан астамын қамтамасыз етеді. Бұл кірме туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік береді», — деді ол.

Тараптар ұзақ мерзімді серіктестікті жалғастыруға ниетті. Бұл Алматыны Орталық Азиядағы қысқа мерзімді және біріктірілген сапарлар үшін қолжетімді әрі тартымды бағыт ретінде ілгерілетуге, транзиттік әлеуетін арттыруға және туристер географиясын кеңейтуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Бүгін 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика