Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы тұрғыны 56 жасында алғаш рет Қазақстан төлқ...

Алматы тұрғыны 56 жасында алғаш рет Қазақстан төлқұжатын алды

Заң мен тəртіп 24.11.2021, 09:09 1,088
Алматы тұрғыны 56 жасында алғаш рет Қазақстан төлқұжатын алды
Сурет: Polisia.kz

Жеке басын растайтын құжаты жоқ 14 азамат анықталды


Көші-қон полициясы қызметкерлері ешбір құжатсыз жүрген, оның ішінде әлі күнге дейін КССРО құжатымен жүрген адамдарды анықтау мақсатында біршама жұмыстар атқарып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



 «Белгілі болғандай, азаматтар қолдарында ешқандай құжат болмағандықтан біраз мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде денсаулық сақтау, білім алу, әлеуметтік көмек, зейнетақы сияқты қызмет түрлерін мүлдем ала алмайды. Және ешқайда заңды түрде жұмысқа орналса алмайтындығы белгілі. Мұндай тұлғаларды әшкерелеу оңайға түспейді. Себебі ондай азаматтардың азаматтығын анықтап, жеке төлқұжат рәсімдеу үшін біршама уақыт керек. Алғаш рет жеке куәлік алатын азаматтар 1974 жылы берілген паспорт негізінде жеке куәлік рәсімдеп, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде танылады. Жыл басынан бері тек қана біздің аудан бойынша жеке басын анықтау куәлігі жоқ 14 азамат анықталды», – деп хабарлады Алматы қаласы Түркісіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.



Құжатсыз жүрген азаматтардың бірі – 1965 жылы туылған Бейбіт Хасенов. Ол КССРО паспорты негізінде ҚР-ның жеке куәлігін рәсімдеді. 5 қараша күні дайын құжатты қолына алды.



 «Бұл азаматтың өмір тарихы басқа да құжатсыз жүрген азаматтар сияқты. Шығыс Қазақстан облысының тумасы КССРО құжатын ауыстыру үшін қажет құжаттарды дайындап, бірақ белгісіз себептермен рәсімдеуді аяқтамаған. Әркімге жалданып, еңбек еткен. Алматы қаласында тұрып, ІІО-на құжат рәсімдеуге өтініш беріп, барлық керекті анықтамалар жинағаннан кейін төлқұжат алды. Өкінішке орай, әлі күнге дейін құжатсыз жүрген азаматтардың басым көпшілігінің тұрмыстық жағдайы өте төмен деңгейде. Осы орайда біз құжатсыз жүрген азаматтарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша көші-қон полициясына құжат рәсімдеу үшін өтініш берулерін сұраймыз», – деді Амантаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#құжат #жеке басын растау #төлқұжат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика