Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА

АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА

Әлеумет 22.12.2024, 20:22 1,025
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2024 жылдың аяқталуына да санаулы күндер қалды. Әдеттегідей, осы кезеңде алматылықтар өткен жылдың маңызды оқиғаларына көз жүгіртіп, есте қалған сәттерді еске алады. 2024 жыл Алматы үшін ерекше табысты болды. Қаланың инфрақұрылымы мен әлеуметтік саласында бірнеше маңызды өзгерістер орын алып, мегаполис тұрғындары жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктерді атап өтуде. Төменде Алматының биылғы негізгі жетістіктерін саралап берген шаһар тұрғындарының пікірлерін жариялап отырмыз.

Әуежай терминалы

Туризм саласының маманы Айымбибі Нұрмашева Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалының ашылуын ерекше атап өтті. Бұл жоба қаланың халықаралық беделін арттырып, туристер ағынын көбейтуге мүмкіндік береді. Заманауи талаптарға сай салынған ғимарат кеңдігімен, инклюзивті қызметтерімен және жоғары сапалы инфрақұрылымымен ерекшеленеді. Бұл – елдің дамыған және инновациялық болашағын көрсететін тағы бір маңызды қадам.

Жастарға қолдау

Алматының студенттері үшін 2024 жыл жағымды жаңалықтармен есте қалды. Жүргенов академиясының 2-курс студенті  Айым Дәуренқызы жастарды жатақханалармен – студенттер үйлерінде бөлмелермен қамтамасыз ету, стипендияның өсуі жастарға айтарлықтай қолдау болатынын атап өтті. Бұл өзгеріс студенттерді білім алуға ынталандырып, жақсы нәтижелерге жетуге итермелейді. Жастарды қолдау – болашаққа салынған ең үлкен инвестиция.

ЦОН қызметі және

"Халық қатысатын бюджет" жобасы

Зейнеткер Дәулет Өсерханұлы мемлекеттік қызмет көрсетудің жеңілдегенін айтып, алғыс білдірді. Бұрын құжаттарды жинау мен рәсімдеу күрделі және ұзақ уақытты қажет етсе, бүгінде бұл процесс «бір терезе» қағидасы бойынша тез әрі сапалы жүзеге асырылады. Зейнеткерлердің жүйке жүйесін сақтай отырып, қызмет көрсету мәдениетінің артқаны – әлеуметтік реформалардың нәтижесі. Сондай-ақ, зейнеткер Алматы қаласы әкімдігінің "Халық қатысатын бюджет" жобасының тұрғындардың жайлы тұрмысы  үшін, шаһардың көркі мен тазалығы  үшін  маңызын ерекше  атап өтті.

Білім саласындағы серпіліс

Жас  маман Бейбіт Мұратұлы  Алматыда жаңа мектептердің ашылуын асыға күтуде. Бұл бастама мектептердегі орын тапшылығын жоюға, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және педагогтарға қосымша жұмыс орындарын ұсынуға ықпал етеді. Сонымен қатар, жаңа білім беру орындарының заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілетіні сапалы оқыту процесінің негізгі факторына айналмақ.

Көктөбенің жаңа келбеті

Қала тұрғындары Көк-Төбе телемұнарасының ерекше жарықтандырылғанын мақтанышпен атап өтті. Кәсіпкер Ермұрат Қажымұрат телемұнараның қалаға заманауи әрі инновациялық реңк бергенін жеткізді. Бұл тек архитектуралық шешім ғана емес, сонымен қатар мегаполистің жаңа символына айналды. Әлеуметтік желілерде бұл көрікті орынның фотосуреттері үлкен қызығушылық тудыруда.

"Ұзақ өмір сүру орталығы" жобасы

және  тегін Wi-Fi

Зейнеткер Салтанат Рысбекқызы  Алматы метросындағы тегін Wi-Fi желісінің қала тұрғындары мен қонақтарына  үлкен жеңілдік әкелгенін айтты. Енді кез келген жолаушы метро станциясында интернетке қосылып, қажетті ақпаратты оңай таба алады. Бұл қадам мегаполистің цифрландыру саласындағы жетістігін көрсетеді. Зейнеткер сондай-ақ қала әкімдігі ұйымдастырған тегін  Ұзақ өмір сүру орталықтарының зейнеткерлер үшін маңызы мен өте тиімділігін атап өтіп, қала басшыларының ұтымды жобасына ризащылығын білдірді.

2024 жыл Алматы үшін жаңа белестерді бағындырған табысты жыл болды. Әуежай терминалынан бастап жаңа мектептер мен қоғамдық көлік қызметіне дейінгі өзгерістер қала тұрғындарының өмір сапасын арттырып, болашаққа сенім ұялатады. Бұл жетістіктер – қаланың даму қарқынын және тұрғындардың мегаполиске деген мақтанышын дәлелдейді. Алматы алдағы жылдарда да өсіп-өркендей беретіні сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бюджет #қорытынды #жетістік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1000-нан астам атау: алматылықтар мен қала қонақтары демалыс күндері фермерлік өнімдерді қайдан сатып ала алады

Бүгін 10:38

Қазақстандағы конституциялық реформа S&P, Moody’s және Fitch агенттіктерімен талқылаудың негізгі тақырыбына айналды

Бүгін 10:22

«Сөз өнеріндегі өлкетану»: Ұлттық кітап күніне арналған апталықтың екінші күні

Бүгін 10:05

«Болашақ» стипендиаттарының айыппұлы артуы мүмкін

Бүгін 09:40

Сарбаздардың әскерде телефон қолдануына қатысты жаңа ережелер енгізілді

Бүгін 09:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика