AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы трассасы» ашылды

«Алматы трассасы» ашылды

Әлеумет 25.12.2024, 11:10 1,299
«Алматы трассасы» ашылды
yk-news.kz

Сегіз жыл салынған Өскемен – Талдықорған тас жолы ресми түрде іске қосылды

Халық арасында «Алматы трассасы» деп танымал Өскемен – Талдықорған автожолын жасауға шамамен сегіз жыл уақыт кетті деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Ұзақ мерзімді құрылыстың басты себептері – пандемия, қаржы мен материалдардың жетіспеушілігі. Алайда бүгінгі таңда жол заманауи талаптарға сай: төрт жолақты магистраль жарықтандыру жүйесімен, жол белгілерімен және екі деңгейлі көлік айырығымен жабдықталған.

«Кейбір учаскелерде жұмыстар 2017 жылы басталған. Басқа учаскелер сол уақытта жобаланған болатын. Пандемия салдарынан құрылыс тоқтатылды, ал одан кейінгі кезеңде жоба құны аздап өсті. Осыған байланысты жобаны түзетуге тура келді», – деді «ҚазАвтоЖол» басшысы Дархан Иманашев.

Жобаны қаржыландыруды Қытай банкі жүзеге асырды, ал құрылыс жұмыстарын қазақстандық-түрік компаниясы орындады. Жалпы, жолды қайта құруға шамамен 300 миллиард теңге жұмсалды. Сегіз жыл ішінде жоба құны шамамен 30 пайызға қымбаттады.

Өскемен – Қалбатау – Талдықорған трассасы Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын байланыстырады. Ұзындығы – 768 шақырым. Бұл автомагистраль халықаралық транзиттік тасымалдау үшін маңызды көлік дәлізі болып саналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #өскемен #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);