AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматы трагедиясы туралы әлеуметтік ролик шықты

Алматы трагедиясы туралы әлеуметтік ролик шықты

Мәдениет 01.02.2022, 11:16 2,047
Алматы трагедиясы туралы әлеуметтік ролик шықты
Сурет: Elorda.info

Авторлар билік пен халықты адамгершілікке шақыруды көздейді


Қазбек Рүстембеков пен Еламан Шаубанов атты елордалық жас режиссерлер Алматыдағы қаңтар оқиғасы туралы әлеуметтік ролик түсірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 


Роликті толық түсіріп, жасап шығуға үш аптадай уақыт кеткен. Директорлар ұсынысына бүкіл ұжым бірден үн қосып, тегін жұмыс істеуге келісті. Қазбек Рүстембеков бейнероликтің негізгі идеясы билік пен халықты адамгершілікке шақыру екенін айтты. Ролик полиция қызметкерінің призмасы арқылы көрсетілген оқиғаға негізделген.



«Біз, жас кинорежиссерлар, оқиғаның ауыртпалығын түсінеміз. Бұдан кейін жаңа қоғамның қандай болатыны әрқайсымызға байланысты. Дәл қазіргі сәтте құқық қорғау қызметкерлерінің әділеттілік танытуы және халықтың адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауы маңызды», - деді авторлардың бірі.



Фильмді түсіру бюджетін краудфандинг арқылы қамқор азаматтар жинап берген. Нәтижесінде қысқа мерзімде 465 мың жиналған. Көмек көрсеткен азаматтарды авторлар видеоның титрында көрсеткен.



«Елорданың үздік мамандары түсірілімге көмектесуге келісті. 40 адам тегін жұмыс істеді. Бұл мемлекеттік тапсырыс емес, бәрін өз ынта-жігерімізбен жасадық. Қаржылық жағынан үн қатып, түсірілімге көмектескендердің барлығына алғыс айтамын», - деді Рүстембеков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ролик #Алматы трагедиясы #режиссерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 12:02

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Бүгін 11:14

Алматыда ІІМ кинологиялық қызметінің жұмысын таныстырды

Бүгін 10:52

Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін 10:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);